Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » БҰҚАРАЛЫҚ МЕДИАНЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

БҰҚАРАЛЫҚ МЕДИАНЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ




ХVІ Еуразиялық медиа форум аясында "Бұқаралық медиадағы сандық жүйе: сын-қатерлерге төтеп береміз" тақырыбымен мәжіліс өтті.


АҚШ, Англия, Ресей, Грузия, Польша және Австралиядан келген белгілі журналистер мен аналитиктер дәстүрлі басылым мен жаңа медианың арасындағы байланысты, бәсекелестікті талқылады және әлеуметтік желіні негізсіз, дереккөзі көрсетілмеген ақпараттарды жібермеудің жолын сөз етті.
Мобильді платформаға бәсекелесуде сапалы контент жасаудың маңызды екені айтылды және журналистік зерттеулерге, экономикалық сараптамаларға сұраныс төмендемегені белгілі болды.
Мәжілістің модераторы "Доха дебаттары" телебағдарламасының басқарушы директоры Амджад Аталлах форум қонақтарына ақпарат таратудың заманауи әдіс-тәсілдері мен трендтер жайлы тарқата айтуды ұсынды.


Ресей жазушысы, саяси журналист Михаил Зыгарь, Salem Social Media студиясының жетекшісі Александр Аксютиц, Лондон қалалық университетінде халықаралық журналистика секторы Захера Харб, Coda Story онлайн-платформасының бас директоры Наталья Антелава, медиа-пәндер оқытушысы Иво Бурум, "Речь Посполита" күнделікті газетінің бас редакторы Богуслов Хработа және т.б танымал тұлғалар пікірталас алаңында журналистиканың бүгіні мен ертеңі байланысты түйткілді мәселелердің түйінін тарқатудың тиімді әдістерін талқылады.


"Ақмешіт жастары" газетінің бас редакторы Айжан Абдуллаева дәстүрлі басылымдардың келешегі күмәнді екенін, одан шығу жолы жөнінде сұрады.
Дәстүрлі журналистиканы дамытуда мобильді платформа арқылы өнімін насихаттауды тиімді пайдалануы керек. Бәрінен бұрын, бүгінгі журналистер жазумен қатар дәстүрлі дағдыларды заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана білуі қажет.


Бүгінде ақпарат іздеуде шыңдыққа жетудің жолдары көп. Соңы пайдалануда заманауи технологиялар көмекке келеді.
                                                                                                        Нұрлат БАЙКЕНЖЕ.
23 мамыр 2019 ж. 829 0