Еуразиялық Медиа Форумның ашылу салтанаты
Бүгін "Бүгінгі әлем: шындық трансформациясы?" тақырыбын арқау еткен ХVІ Еуразиялық Медиа форумның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев алғы сөз сөйлеп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев алғы сөз сөйлеп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.
Одан кейін Армения Президенті Армен Саркисян, Ресей Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек форум қатысушыларын құттықтады.
Халықаралық коммуникация алаңына айналған форумға әлемнің 60 елінен 500-ден астам делегат жиналды.
Конференцияда әлемдік және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, жаһандануға қарсы процестер, тұтыну дағдарысы, халықаралық құқық, жасанды ақыл-ойдың пайдалану және т.б тақырыптар тренингтер ұйымдастырылды..
Сондай-ақ, мобильді журналистиканың келешегі, фотожурналистиканың қыр-сыры, IT саласының журналистикаға әсері, бұқаралық медиадағы сандық технологияны енгізудегі перспективалары және тақырыптар қозғалды.
Айта кететін, форум медиа платформ ғана емес, вертуальды қарым-қатынастың, рухани-мәдени байланыстың алаңына айналып, Еуразиялық кеңестіктегі ықпалдастықты арттырды.