№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » XVI Еуразиялық медиа форум: Әлемдік актуалды мәселелерді шешудегі БАҚ рөлі қандай?

XVI Еуразиялық медиа форум: Әлемдік актуалды мәселелерді шешудегі БАҚ рөлі қандай?



Бүгін Алматыдағы The Ritz Carltion қонақ үйінде XVI Еуразиялық медиа форум басталды. Форумға қатысу үшін  шет мемлекеттерден тәжірибелі мамандар,  білікті спикерлер мен Қазақстанның әр аймағынан журналистер жиналған. Оның ішінде, "Сыр Медиа" ЖШС қызметкерлері мен аудандық газеттердің  бас редакторлары бар.  Әлемдік деңгейдегі ауқымды тақырыптар мен маңызды мәселелерді жоспарға алған медиа форум 3 күнге созылмақ. Ал, Еуразия кеңістігін қамтыған саяси жиын тақырыбы "Бүгінгі әлем: трансформация шындығы?" деп аталды.


Конференцияда әлемдік және өңірлік деңгейдегі бірқатар мәселелер көтерілді. Күн тәртібінде, жаһандануға қарсы процестер, тұтыну дағдарысының төмендеуі, халықаралық құқық және ақыл-ойды пайдалануға байланысты сын-қатерлер талқыланды. 



Дәл бүгінгі сәтте Рейтер агенттігінің тілшісі,  "News-Decoder" білім беру тақырыбындағы жаңалықтардың негізін салушы Нельсон Грейвс өткізген экологиялық журналистика тақырыбы делегеттарды аса қызықтыруда. Иә, бүгінгі таңда кез-келген БАҚ бетінде актуалды маңызға ие экология тақырыбы қоғамды ғана емес жалпы әлем жұршылығын алаңдатуда. Осынау әлемдік деңгейдегі мәселені оқырманға қалай жеткізуге болады? Журналисттің кәсібилігі арқылы материалды ұсына білудегі маңыздылық неде? Осындай ойларға жауап ізделген жиын әрі қарай "Виртуалды шынайылық" тақырыбымен жалғасты. Әл-Жазира телекопаниясы "Contrast" медиастудиясының басшысы Захра Расул өткізген шеберлік сағаты заманауи прогрессия, техника тілін меңгерумен тығыз байланысты болып жатыр. 

                                                                                                       Нұрлат БАЙКЕНЖЕ.                                                                                                                                           
22 мамыр 2019 ж. 1 121 0