Жаңақорған аудандық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтады


Аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Б.Түбекбаева ұжым атынан құттықтау сөз сөйлеп, Ұлы Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын, қуанышты да қайғылы, рухы биік мереке. Бұл мейрам – соңғы демі қалғанша күрескен жанқияр ерліктің нәтижесі, Жеңіс жалауы желбіреген күн, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еліміздің өркендеуі мен бірліктің бұзылмас қамалы осынау мерекенің жемісі дей келе, алғысын айтып сыйлықтар табыстады.
Найманбай ата, бүгінгідей айтулы мерекеде барлық бастаған бастамаларыңыз оң жемісін беріп, Отанға адал, елге қайырымды, еңселеріңіз биік, мерейлеріңіздің үстем болуын тілеп, батасын берді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.