Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 49

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ертегілер елінде

Ертегілер елінде


 
   Ақүйік ауылдық  округіндегі «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасында «Ертегі ғажайыптар мекені» тақырыбында аймақтық семинар кеңес өткізілді. Семинар кеңесті ашқан «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Г.Момынханова шараға аймақтық тәрбие ошақтарынан келген әріптестерін ұжымның тыныс-тіршілігімен, тәрбие жұмысындағы оң тәжірибелерімен таныстырды.
    Семинар кеңеске қатысушылар психолог С.Бейсенбаев жүргізген «Жел кімге қарай соғады?» тренингіне қатысса, бүлдіршіндердің өздерінің рөлдерде ойнауымен тәрбиеші Г.Елғондиеваның «Адасқан құмырсқа», тәрбиеші Б.Оразбаеваның «Күшік досын қалай тапты?» қойылымдарын тамашалады. Ата-аналармен жұмыс жүргізудің инновациялық амалдары бойынша тәрбиеші Д.Сапарбаева «Отбасылық театр» тақырыбымен шараны ұйымдастырды. Музыка жетекшісі М.Төлебаеваның сүйемелдеуімен  «Бауырсақ» музыкалық қойылымы көрсетілді. Жаңақорған аудандық білім бөлімінің әдіскері Фатима Тұртанованың айтуынша, Ақүйік ауылдық округіндегі «Қызғалдақ» балабақшасы мемлекеттік негіздегі тәрбие ошағы. Мұнда бүлдіршіндердің өсіп-жетілуін, рухани дамуын 26 қызметкер қадағалайтын болса, олардың 10-ы педагог, өз ісінің білікті мамандары. 
«Маған қатты ұнағаны – бүлдіршіндердің өзіне берілген тапсырмаға аса жауапкершілікпен қарап, шынайы ойнауы. Әсіресе, «Адасқан құмырсқадағы» құмырсқалар, көбелектер, аралардың киім үлгілерінің соншалықты әдемілігі. Бұл менің ойымша балабақша ұжымының интернет желісін тиімді пайдаланып, бүлдіршіндердің күнделікті қызығып көріп жүрген мультфильмдеріндегі персонаждарды өздерінің сомдауына мүмкіндік әпергендігі. Себебі, бүлдіршіндерді өзі қызықпайтын нәрсеге тарту  оңай емес», – дейді Фатима Алшынбайқызы.
    Cеминар кеңесті қорытындылай келе осы өткізілген іс-шаралар кітапша ретінде жинақталып, аудандық білім бөлімінің әдіcтемелік кабинетінде қаралып, келген қонақтарға әдістемелік көмек ретінде таратылды.
     Семинар кеңесті ұйымдастырушы мекеме басшысы Г.Момынханова және әдіскер Ә.Утегенова  тәрбие жұмыстарындағы тәжірибесімен бөліскен тәрбиешілер аудандық білім бөлімінің «Алғыс» хатымен марапатталды.
                                                                                                          Иса БЕРКІМБАЙ.
                                            
06 мамыр 2019 ж. 737 0