Құрылтай

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

№55 (8969) 25

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Болашақ» бөбекжай балабақшасында семинар өтті

«Болашақ» бөбекжай балабақшасында семинар өтті


«Болашақ» бөбекжай балабақшасында аудандық семинар өтті. Аудандағы 127 балабақшаның әдіскерлері мен тәрбиешілері жаңаша оқытудағы тың жаңалықтарымен бөлісті. Шараға аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Фатима Тұртанова қатысып, «мектепке дейінгі балалардың тұлғасын дамытуда сюжеттік-рөлді ойындардың маңызы» тақырыбында өз пікірін айтты. Психолог Әсем Жаппарованың реалакциялық жаттығуында семинарға қатысушылар жағымды энергия алды.
Шеберлік сынып көрсеткен «Айгөйлек» ересектер тобының тәрбиешісі Әлия Бекмырза «М әріпі мен дыбысы», «Еркетай» ортаңғы топтың тәрбиешісі Индира Тұрабаева, «Айналайын» ІІ кіші сәбилер тобының тәрбиешісі Майра Сүлейменова «Үйшік ертегісі» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды. Денешынықтыру нұсқаушысы Оспан Рақымжан ұлттық ойындардың ойнату ерекшелігін түсіндірді. «Мен креатив тәрбиешімін» педагогикалық шеберханада балабақша тәрбиешілерінің үздік қолөнерлері таныстырылды.
Жұпар Шаймерденова.
17 сәуір 2018 ж. 2 288 0