№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЯТМЭН ҺӘМ ХАЙТЕР: ҰЯЛАТЫН НӘРСЕДЕН ҰЯЛМАЙТЫН БОЛДЫҚ

ҰЯТМЭН ҺӘМ ХАЙТЕР: ҰЯЛАТЫН НӘРСЕДЕН ҰЯЛМАЙТЫН БОЛДЫҚ


Таяуда Сыр беткейдегі бір ауылға сапарлап бардық. Таңнан кешке дейін, жұмыс бабымен бірқатар әлеуметтік нысандарды араладық. Айтайын дегенім, ауыл – иісі аңқыған қазақылықтың ордасы ғой. Кезекті бір ғимаратқа кіру үшін кішкене жаяулатып бардық. Кенет, 30-40  метр жерден орамал таққан жас келін тоқтай қалды. Онысын әуелгіде байқамадық. Кейіннен білдім, ер кісілерге ізет көрсетіп, күтіп тұрғанын.

Тағы бірде кент орталығында такси күтіп тұрғанмын. Қол бұлғағанымды байқаған болу керек өтіп бара жатқан көлікте тоқтай қалды. Алдыңғы орындықта отырған әйел кісі атып түсіп, артқы орындыққа жайғасты. Танитын кісі шығар деп ойлағанмын. Жоқ. Қателесіппін. Артқы орындықта отырған қос келінге сабақ болсын деді мекен, ерге құрмет көрсету жөнінде аз-кем тәлімін тілге тиек етті. Қараңызшы, қарапайым ғана ісімен тамаша өрнек қалдырды. Негізі кейде сөз жалықтырады, ал үлгі қызықтырады. Сол үшін де жақсылық істерде үлгі болуға жарыссақ игі.
Әрине, мысалдар көп. Тек, сабақ ала білсек болғаны. Негізі мұның артында ар-иба деген ұлттық рухани кодымыз жатыр. Бұл бабадан бойымызға сіңген қасиет. Яғни, ұлттық жадымызда қалыптасқан құндылық. Бойымызға дарыған дәстүрдің қоғам өмірінде ашықтық сипаттағы көріністер өрнек табуда.
Қоғам болғасын түрлі көзқарастың болуы заңды. Алайда, кейінгі уақытта Қазақстанда ұятмен мен хайтерлер тақырыбы ең танымал, ең жиі айтылатын сөзге айналды. Қалай дегенде де бұл күйіп тұрған мәселе болып отыр. Қазіргі тілмен айтқанда қара пиар үшін танымалдыққа тез ие болу үшін жай ғана жалаңаштанып желіге салу «сәнге» айналды. Түсінікті болу үшін айта кетсек. Ұятты жақтайтындар «ұятмэндер», ал оны «ұят емес» деп даттайтындар «хайтерлер» деп аталады. Аталғанда анық бір анықтамасы жоқ. Жәй, сырттай солай тели салған. Әйтпесе, «ұят болады» деп өскен ұрпақпыз ғой.
Бұл жөнінде әріптесім Өркен Кенжебек бүй дейді. «Ұяттың дәстүрге не қатысы бар? Ұят болады. Обал болады. Жаман болады. Осы үш сөзбен-ақ қазақ өз баласын тәрбиелеп, қатарға қосқан деп айтамыз. Әдейі өткен шақта айтып тұрмын. Себебі, бұл сөздерді қазір өте аз айтамыз. Содан кейін қандай да бір мәселе туса таң қаламыз. Бұл қалай? Көшеде бір-бірімен «сағызға таласып» сүйісіп жатқандарға мән бермейміз де, ертең әжетхана ішінен шақалақ шықса, мәә, масқара деп бет шымшимыз. Бірақ, мәселенің басы өткенде сіз көрген паркте басталып еді ғой».
Ал, енді қазақ айтқан, үш ұятын тарқата айтсақ. Біріншісі, Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме дегені. Жаным арымның садағасы дегені еді. Екінші, жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр дегені. Жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді дегені еді. Ал, соңғысы обал дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін дегені еді. Қысқасы, жаман боладыға жақындамай, ұят боладыға ұрынбай, обал болады дегенге ойлана қарайтын кез келді.Астарлап айтқанда, астыңдағы атыңды ауыздықпен, қамшымен басқарасың, ал адамның өзін-өзі басқаратын тетіктері де екеу. Ол – ақыл мен ұят. Демек, қыздың ары сақталса, ұлдың ұяты сақталса, қоғамның да дұрыс қалпы сақталады.
Әбдісамат ӘБДІШ
04 мамыр 2019 ж. 830 0