№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІБІНЕ БЕРЕКЕ ДАРЫҒАН

КӘСІБІНЕ БЕРЕКЕ ДАРЫҒАН


Жаңақорған кентінде Мамед Байсаловты танымайтын жұрт кемде-кем. Оны көпке танымал еткен еңбегіне адалдығы, адам мен кәсібилігі екені даусыз. Өйткені, бүгінде оның қызметіне жүгінетін аудан азаматтары аз емес. Кенттегі шағын ғимаратта орналасқан шаштараз иесінің бір күндік уақыты бос өтпейді. 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күні біз Мамед Батыршаұлын әңгімеге тартқан едік.


Қазір өзін-өзін жұмыспен қамты­ғандардың басым бөлігі шағын кәсіпке бет бұра бастады. Әсіресе, ерлер қауымы сауда-саттық пен мал шаруашылығына икемделсе, нәзік жандылар шаштараз бен сән салонының өрісін кеңейтіп келеді. Мемлекеттен қолдау тауып, несие немесе қайтарымсыз грант ұтып алушылар қатары артты. Мамед тынымсыз еңбегімен кәсібиін дөңгелетіп келеді. Әңгіме басын оның осы кәсіпке қалай келгенінен бастадық.
– Кәсіппен айналысу бала күнгі арманым болатын. Мектеп оқып жүргенде әкемнің ағасы Латшуа Байсаловтан шаштараз өнерін үйрендім. Шаштаразшы болудың қыр-сырын жетік меңгеруге Сальвар ағамның да ықпалы зор болды. Міне, сол кісілерге қарап есейдім. Жалпы, менің нағашы атам Қырғызстанда 25 жыл шаштаразшы болған кісі. Бір сөзбен айтқанда, шаштаразшы болу қаннан келген қасиет, – деді ол.
Оның еңбек жолы 2006 жылы басталады. Мектеп бітірісімен қолына қайшы мен тарақ ұстап шаштараз бизнесін бастап кетеді.
– Жалпы, табысты болудың сыры неде?
– Ең бастысы адал еңбекте. Қазақта «еңбек етсең емерсің» деген нақыл бар емес пе? Сондықтан қазіргі жастарға тек осы жолда болуы керек. Ол үшін ізденімпаз, білімді болу керек. Мен өмірде ұстаздарымды үлгі тұтамын. Олардың көрсеткен жолымен жүруге тырысамын. Менің табысты болуымның сыры осында, – дейді ол.
Бүгінде Илькар мен Мелек есімді ұл-қызды тәрбиелеп отырған отағасының алдағы жоспары көп. Жалдамалы бөлмеде орналасқан оның келешекте заманға сай нысан тұрғызып, кәсібін ірілетумен қоса жұмыссыз жастарға жұмыс тауып берсем деген ниеті бар. Ал, жұбайы Рухия Жашкукова үй шаруасындағы жан. Қармақшының тумасы Жаңа­қорғанға келін болып түскелі үй тірлігінде қазақы дәстүр, әсіресе, ұлттық тағамдарды жасауды да дағдыға айналдырған. Иә, үнемі күліп жүретін кейіпкеріміздің бойынан қазаққа тән қонақжайлылық бай­қалады.
– Маған қазақ халқының кіші­пейілдігі, қонақжайлылығы мен қарапайымдылығы ұнайды. Мен адам бойындағы осындай қасиет­терді жоғары бағалаймын. Өзім де сондай болуға тырысамын. Ең бастысы, елден береке, ынтымақ кетпесін. Бір атаның баласындай осын­дай тату-тәтті ғұмыр кеше берейік, – деді кейіпкеріміз.
Қорыта айтқанда, Жаңақорғанда 20-ға жуық шаштаразды кәсіпке баулыған Мамедтің ісінен үлгі-өнеге алуға болады.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
01 мамыр 2019 ж. 1 141 0