№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БІЛІМ САЛАСЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

БІЛІМ САЛАСЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ


ХХІ ғасырда адами капиталға сұраныс артты. Бұл – білім беру жүйесін жетілдіруді талап етіп, ұстаздардың жауапкершілігін арттыра түсті. Яғни, адами капиталды дамыту кез-кезген білім ордасының негізгі міндетіне айналды. Машбек ауылдық округіндегі №196 мектепті осы міндет-мақсаттарды сапалы атқарып отыр деуге болады.


Алдымен білім ордасының тарихына тоқталсақ, 1937-1938 жылы бастауыш мектеп болып ашылып, онда 12 оқушы білім алады. Ал, 1953 жылы 45 оқушыға 4 мұғалім сабақ жүргізіпті. 1958-1966 жылы 8 жылдық мектепке айналып, 145 оқушысы тәлім алады. Бүгінде заманауи талаптарға сай жабдықталған мектеп әр жылдары әртүрлі типтегі нысандарды баспаналайды. Осыған дейін асар әдісімен салынған ғимаратта болды. Оған Машбек Нәлібаев бастаған ел ағалары, құрылыс шебері Серікбай Сұлтанов және ауыл тұрғындары ат салысқанын айтпай кетпеске болмас. 2017 жылы 1 қыркүйек Машбек ауылы үшін қуанышты өрбіді. Себебі, оқушылар мен ұстаздар жаңа мектеп табалдырығын аттады. Соңғы технологиямен қамтылған білім ошағында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге толығымен мүмкіндік жасалған. Осындай мүмкіндікті тиімді үйлестіріп отырған Талғат Есқабылов басқаратын мектеп ауданда үздіктер қатарында. 2015-2016 жылы үш үздік аттестат қорғалып, ҰБТ қорытындасы бойынша 83,5 балды құрады. 2016-2017 оқу жылында үш «Алтын белгі» шығып, тестілеу нәтижесі бойынша 86,2 бір үздік аттестат, балға жетті. 2017-2018 жылы бір «Алтын белгі», бір үздік аттестат шығып, ҰБТ қорытындысы бойынша 86,7 балл алды. Соңғы 5 жылда 6 оқушы ғана ҰБТ қатыспапты. Тестілеуге қатысқан 32 оқушының 29-ы грант иесі атанған.
Мұғалімдіктен директорға дейінгі бас­палдақтардан өткен, талапшыл да тал­ғампаз басшы Талғат Есқабылов:
– Қазіргі кезеңде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласында қамтып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан-жақты терең білім беру, соның нәтижесінде, білікті маман даярлау міндеті тұр. Яғни, білім беру жүйесіндегі жаңашыл технологияларды қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Жалпы, оқу үрдісіндегі жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеру, кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейде болуы заманауи мәселе. Сондықтан жаңа инновациялық технологиялар заманына көшкен еліміздің ұрпағы үшін жастарға білім алумен қатар меңгерген білімдерін жаңа бағытта шыңдауларына көп мән берілуі тиіс, – деді.Білім беру жүйесіндегі адами капи­талдың сапасын жақсарту – жаңашылдықты талап етеді. Сондықтан, жаңартылған оқу бағдарламасы аясында ұстаздардың біліктілігін арттыру басты міндет. Мектеп басшылығы осыған мән беруде екен. Мәселен, жаңа форматтағы біліктілік санаты бойынша: педагог-зерттеуші – 1, педагог-сарапшы – 8, педагог-модератор – 5 ұстаз оқушыларға білім береді. Сондай-ақ, 45 ұстаз қызмет етсе, оның төртеуі жоғары санатты, жиырмасы бірінші санатты, он екісі екінші санатты. Осындай білікті ұстаздардан білім алатын мектеп оқушылары аудандық, облыстық пәндік олимпиадаға және облыстық, республикалық қашықтықтан олимпиадасына белсенді қатысады.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білімді жаңарту аясында мектеп мұғалімдері және мектеп басшысы біліктілік арттыру бағдарламасы бойынша арнайы курстардан өтсе, кадр біліктілігін арттырудың бағдарламасы аясында бірінші «базалық» деңгей бойынша бір мұғалім, екінші «базалық» деңгей бойынша екі мұғалім, үшінші «базалық» деңгей бойынша он мұғалім курстан өтіп, бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Сонымен қатар, жаратылыстану бағытындағы физика пәнін ағылшын тілінде оқыту курсынан бір ұстаз біліктілігін арттырып жатқанын да білдік.
Жұмыла істеген іс жеңіл дегендей басшылар мен ұстаздар міндет-мұратты дұрыс бағдарлап, жұмысты жүйелі жүргізгенде ғана нәтиже болатыны белгілі. Осы ретте, директордың орынбасары Қуатбек Сұлтановты сөзге тарттық.
– Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі. Орта мектеп – білім жүйесінің ең басты буыны болса, орта мектепте қаланған білім азаматтың болашағының бағдаршамы болады. Мектепте оқушылар мен қатар ұстаздарда да шығармашылық потенциалын сынға салатын байқауларға жиі қатысады. Мәселен, республикалық «Әбіш Кекілбаев оқуында», «Жарқын болашақ» әдебиетшілер сайысында, «Ақберен» республикалық байқауында, облыстық «Көркем сөз оқуда», «ХХІ ғасыр жастарының ғылыми әлеуеті: білім берудің жаңа сатысы» атты облыстық ғылыми жобаларда, аудандық «Зерде» конкурсында оқушылар мен қатар мектеп ұстаздар қатысып, биіктен көрініп жүр, – деді директор орынбасары.
Шәкірттердің жеткен жетістіктері мұнымен тоқтамақ емес. Айта берсек тым көп. Ұстаздар мен шәкірттердің жемісі білім саласында ғана емес, сонымен қатар, өнер мен спорт саласында да біраз биікті бағындырғанын білдік. Атап айтсақ, “Ең үздік өзін-өзі тану – 2018” пәні бойыншаібастауыш сынып мұғалімі Сымбат Төлепбаева аудандық кезеңде топ жарып, облыстық кезеңде жүлдеге ілігеді. «Үздік ықшам сабақ-2019» байқауында математика пәнінің мұғалімі Дархан Құлабаев үздік атанды. Аудандық сындарлы сабақ-2018 понорамалық сабақтар байқауында матаматика пәнінің мұғалімі Д.Құлабаев пен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Есентаева екінші орыннан көрінді. «Ең үздік ағылшын тілі-2018» байқауында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зоя Божбанбаева үшінші орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жазира Үсенбаева «Тұран елінің тау тұлғасы» атты Нәзір Төреқұловты еске алуға арналған аудандық жыр мүшәйрада үшінші орын алып, Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай ұйымдастырылған «26 жаңа есім» жинағына есімі жарияланды.
2017-2018 оқу жылының түлегі Олжас Оразалыұлы ҚР чемпионы атағын алса, 2018 жылы Португалияда өткен парадзюдодан әлем чемпионы атанды, Сондай-ақ, облысқа танымал Өмірәлі Алтынбек, Әмірбек Бердібек, Айтбек Жанарыс сынды спорт шеберлері де осы мектептен түлеп ұшқан.
– Өзіңе керектіні үйрену жетістікке жетелейтіні белгілі. Сол себепті мұғалімдерді аудандық, облыстық мектептерге тәжірибе алмасуға жіберіп тұрамын. Біздің мектепте шәкіртке тәлімді тәрбие, саналы білім беріп, болашағын бағдарлауда ақыл-кеңесін беретін ұлғатты ұстаздар көп. Олардың қатарынан Гүлнар Құрбанбекова, Ғалия Абдуллаева, Әнуарбек Бөлеков, Тұйғын Увашева, Әбдімәлік Әбішев, Өскенбай Байхожаев, Айсұлу Ниязбекова, Ақсауле Бегайдарова, Ғазиза Есентаева, Бекбосын Балабек, Сәуле Молдабаева, Тұрғанбек Жүкеев, Бұлдырықова Меруерт, Шәпия Бөлекова, Ажаркүл Ильясованы және т.б айтар едім. Мектеп ішіндегі үйірмелерде оқу бағдарламасындағы барлық пәндер қамтылса, спорттық секцияларда волейбол, бокс, күрес және т.б түрлері бар, – деді директор.
Типтік мектепте работехника кабинеті, кітапхана, мәжіліс залы, шеберхана, асхана бар. Сондай-ақ, екі лингофон, информатика, мультимедиа кабинеті қажетті жабдықтарпен қамтамасыз етілген.
Бір сөзбен айтқанда, №196 мектеп білім саласы экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буыны екенін айқын сезініп, жастарға сапалы білім беруде белсенділік танытып келеді.

Лаура БИБАСАРОВА.
01 мамыр 2019 ж. 896 0