» » ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ КӘСІПКЕР МАССАЖ ЖАСАЙТЫН ҚҰРАЛ ЖАСАДЫ (фото)

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ КӘСІПКЕР МАССАЖ ЖАСАЙТЫН ҚҰРАЛ ЖАСАДЫ (фото)


Бұрын қарттарға қарата "басы ауырып, балтыры сыздамайтын жан жоқ" деп айтушы едік. Ал, бүгінде жасы бар жасамысы бар, "белі ауырмайтын жан жоқ" деп айтатын болдық. Жасыратыны жоқ, күндіз көлік те, ертелі-кеш жұмыс та компьютердің алдында отыратындардың саны артты. Қысқасы, бұрынғыдай емес, қимыл-қозғалыс азайып бара жатыр. Бұл өз кезегінде түрлі дертпен "дос" болуға жетелейді. Әсіресе, қоғамда бел омыртқа остеохрондозы ауруы өршіп тұр. 
Осыны ескерген жаңаауылдық қолөнерші, кәсіпкер Данияр Ахметов ерекше құрылғы жасап шықты. Елдің жаппай ғаламтор арқылы ағаштан жасалған арқа массажерын  сатып алып жатқанын көріп, өзі нарықтағы құнынан бірнеше есе төмен бағада арқа массажерын жасады. Интернет дүкенде 25 мың теңге тұратын массажер, Даниярдың дүкенінде 10 мың теңге тұрады. Құрастырмалы һәм айналмалы доңғалақтарын ыңғайыңызға қарай ауыстыра бересіз. Данияр Ахметовтың айтуынша, бүгінде бұл құралға сұраныс артып келе жатыр екен. 
                                                                                   Жасұлан Сейдеметов
25 сәуір 2019 ж. 2 138 0