» » Маңғыстаулық кәсіпкер гипстен құятын мүсін жасайды

Маңғыстаулық кәсіпкер гипстен құятын мүсін жасайды

7kun.kz –  Маңғыстаулық жас кәсіпкер – Данияр Мурзабеков гипстен құятын мүсін жасауды қолға алды, деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Бала кезінен болашаққа ойысқан Данияр балалықтың қиялын осылайша, табыс көзіне айналдырған. Ресейдің түлегі, Қазақстанға келіп, көрген түйгенін Маңғыстауда іске асырып жатыр. Ашып айтар болсақ, ол гипстен ақша жинайтын түрлі персонаждарды жасап шығарады. Жас кәсіпкер Ресейдің Волгоград қаласында жүріп, мүсін жасайтын цехта жұмысын бастаған. Нәтижесінде шыққан өнімнің жартысынан астамын Елімізге сауда нарығына шығарып отырған екен.
«Бүгінде мен жасап, шығарып жатқан мүсіндерге сұраныс бар. Көп демей-ақ қояйын, өйткені кәсібімді енді бастап жатырмын. Ақтауға әр апта сайын барып, дүкен сөрелеріне тапсырып тұрамын. Әзірзе, мульт персонаждардан құйып жасап жатырмыз, келешекте ұлттық нақышта жасаймын деген жоспарда жоқ емес», – деді Данияр Мурзабеков.
Қазір ол “Атамекен” микроқаржы ұйымынан 2,5 млн теңге несие алып, Құрық ауылынан шағын цех ашып,  2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Дайын бұйымдарды көтерме бағамен Ақтаудағы сауда нүктелеріне өткізеді. Бағасы 1650 теңгеден басталады. Былтыр қолға алған кәсібінің арқасында 600 дана мүсін жасап, саудаға шығарған. Сондай-ақ, осы жылы кәсіпкер бизнесін кеңейту үшін «Ерсай» компаниясының конкурсына қатысып, 3 млн теңгенің грантын жеңіп алған.
10 ақпан 2018 ж. 1 343 0