№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл мектебі алдыңғы сапта

Ауыл мектебі алдыңғы сапта


Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту болып табылады. Кешегі аптада Қызылорда қаласында облыс көлемінде өткен білім бәсекесі «KazRobotics-2019» байқауынан Жайылма ауылының №195 мектеп-гимназиясының білімді жастары I және II орынды қанжығаларына байлап келді.


Жайылма ауылында робототехника үйірмесі 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасайды. Аптасына әр сыныпқа 1 сағаттан өтетін құлтемірмен жұмыс жасау уақыт өткен сайын балалардың қызығушылығын арттырып келеді екен. Осыған орай мектептердегі білім беру бағытында Robotics-тің маңыздылығы өте жоғары деп айта аламыз. Көрсеткіштері де жаман емес.
Байқаудан бірінші орын алып келген информатика пәнінің мұғалімі Оспан Ахмедовтың қос шәкірті Айбек Асхатбекұлы мен Айбек Орынбасарды айтуға болады. “Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника “ҚАЗРОБОТИКС” федерацияы” ұйымдастырған облыстық бәсекеде А лигасы бойынша “Робосумо 25*25” сайысына шабуыл жасай алатын робот құрастырып алып барған.
Бұл жарыста қатысушылар роботты рингтің қара сызығының шегінен итеріп жіберуге қабілеті бар робот дайындауы қажет. Роботтар тіке жүріп бір-бірімен түйісуі қажет, роботтар түйіскеннен кейін рингтің ішінде әртүрлі бағытта маневрлар жасайды. Егер роботтың кез келген бөлігі қара сызықтан асса жеңілген болып есептеледі, – дейді дарынды бала Айбек Асхатбекұлы.
Шайқас 30 секундтық қатарынан өтетін 3 кезеңнен тұрады. Раунд алдында робот мына шартты қанағаттандыруы тиіс: Робот дербес болуы керек.Төрешілердің ойынша басқа роботтарға әдейі зақым келтіретін немесе ластайтын робот байқау барысында ойыннан шығарылады. Раунд алдында роботтардың габариттері, салмағы, детальдары тексеріледі. Осы тексеруден өткеннен кейін ғана жарыс жолына шығасың, – деді жеңімпаз оқушылардың бірі Айбек Орынбасар.
Жайылмадағы №195 мектеп-гимна­зияның 9 сынып оқушыларының қолынан шыққан құлтемір осылайша жарыс шарттарына сай көрсеткішті көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Айта кететіні, осы мектептің 6-сынып оқушылары Құлтас Сұңғат және Жолдасбек Райымбек те “Сызық бойынша жарыс” сайысынан жүлделі 2орынды иеленді.Аталған жарысқа ұстазы Нұрлан Сартаев дайындаған еді.
«NurOtan» партиясының бастама­сымен мектептерде ашылған робото­техника негіздері IT- мамандарын даярлап білім беру саласында жаңа маман мүддесін жетілдіре түсу үшін ашылған жоба болатын. Робо­то­техника үйірмесінің басты мақ­саты да оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту. Робототехника - ол бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазасың. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтері пай­даланылады екен.
– Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламасын жасауда қиындықтар кездеседі. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мерзімі оның күрделілігін көрсетеді. Робот құрастырғанда бөлшектерінің беріктігі оның шыдамдылығын арттырады. Ал күрделі бағдарлама роботты күшейтеді. Мәселен, олар математика пәнінен формуланы пайдаланса, физикадан есеп арқылы роботтың қимылын жасайды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді, - деп ұстазы Оспан Ахмедов тәжірибесімен бөлісті.

Лаура БИБАСАРОВА.
17 сәуір 2019 ж. 716 0