№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «BASTAU»: ЖАСТАРДЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

«BASTAU»: ЖАСТАРДЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

   2019 жылдың 11-наурызынан бастап, ауданда «Бастау» бағдарламасы бойынша ақысыз кәсіпкерлік курсы басталды. Бұл жобаның ынталы кәсіпкерлер үшін маңызы зор. Өйткені, Тұңғыш Президент Н:Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау» бизнес жобасын айрықша атап өткен болатын. Әрі бұл бағдарламаны ары қарай жалғастыра отырып, жас кәсіпкер бағдарламасын әзірлеу қажеттігін тапсырды.

   Осы орайда, ауданда бастау алған кәсіпкерлік курсына облыстық кәсіпкерлер палатасынан арнайы бизнес тренер келді. Ол – Асылжан Жолдасбеков. Бүгінде іріктеу кезеңінен іркілмей өткен 43 шәкіртке бизнестің қыр-сырын үйретіп жатқан бизнес тренермен бізде тілдестік.
– Өздеріңізге белгілі, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы өз жұмысын бастады. Жаңақорғанда жобаға қатысуға ниетті 45 азамат наурыз айының 11-күні іріктеу тестінен өтті. Оның ішінде, 43-қатысушы сынақтан сүрінбей өтіп, курсты бастап кетті. Бұл 1 айлық курстың І-легі. Жалпы, жоба аясында жыл соңына дейін 120 адамды оқыту жоспарда бар, – дейді Асылжан Әбдіманапұлы.
Сондай-ақ ол «Жастар жылына» орай, кәсіпкерлікке ынталы жастарды оқытудың қосымша 2-3 легі нақтыланып жатқанын тілге тиек етті.
Бизнес тренердің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – кәсіп бастаймын не бизнесін кеңейтемін деген азаматтарды кәсіпкерлік курсын оқытып қана қоймай, төменгі процентпен несие алу, алынған несие бойынша бизнесін 1 жыл бойы сүйемелдеу. Оған қоса, курсқа қатысушыларға бір жолғы шәкіртақы да төленетіні белгілі болды.
  Айтқандай, «Жастар жылы» аясында жаңа кәсіп ашқысы келетін ынталы азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау шаралары басталған болатын. Соның бірі – жаңа бизнес идеяларды жүзеге асырушы ынталы жастарға берілетін қайтарымсыз 505 мың теңге көлеміндегі қаржы.   Алайда, мемлекеттің бұл қаржысына қол жеткізу үшін міндетті түрде «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы үш айлық қайта даярлау курсын не Кәсіпкерлік палатасы арқылы 1 айлық кәсіпкерлік курсын оқығандығы жөніндегі сертификат қажет. Міне, «Бастау» жобасының маңыздылығы осында.
Сондай-ақ Асылжан Жолдас­бековтен жалпы, бизнес бастау үшін қомақты қаражат керек деген ой қаншалықты маңызды екенін сұрадық.
– Әрине, қаражат керек. Бірақ оның қатарында мықты бизнес-жоспар болса игі. Бизнесте бәсекеге деген ұғым бар. Бәсекеге қабілетті болу үшін, сіздің халыққа ұсынып отырған қызметіңіздің сапасы жоғары және көңілге қонымды бағада болуы тиіс. Яғни, тек пайда табу үшін емес, сапалы өнім ұсыну үшін жұмыс жасаса кез келген кәсіп табыс әкеледі. Америкада «Ақылды болсаң, неге бай емессің?» деген нақыл бар екен. Бар-жоғы бес сөзден құралған мәтелдің астарында көп дүние жатыр. Табыс пен ақшаның көзі қара күште емес, ұтымды жүзеге асырылған бизнес-жоспарда. Яғни, ақылда. Дана Абайдың тілімен айтқанда: «Ісім өнсін десең, ретін тап», – дейді «Бастау» жобасының бизнес тренері А.Әбдіманапұлы.
Білікті тренермен тілдесу соңында жаңақорғандық жас кәсіпкерлерге ең маңызды деген 3 кеңесін білдік.
– Бірден айтайын, ақыл айтудан аулақпын. Бірақ 3 кеңесті былайша тізбектесек. Бірінші, таңертең ерте тұру керек. Себебі, табысты адамдар әдетте құстар секілді ерте оянады. Және де таңғы уақыт – мидың тынығып, маңызды істерді жоспарлайтын, жетістікке жетудің алғашқы қадамы. Екіншіден, кітап оқу. Бүгінде жастардың басым бөлігі телефонға телмірумен уақытын өткізуде. Сондықтан осы бос кеңістіктің орнын толтыру үшін әлемдік деңгейде жетістікке жеткен кәсіпкерлер мен ел басқарған кшбасшылардың кітабын оқу керек. Үшінші, тайм-менеджмент. Яғни, уақытты тиімді басқару. Әрбір істі жоспарлай білуі тиіс, – дейді Асылжан.
Иә, ауданда жыл санап, «Бастау» жобасы арқылы кәсіпкерлік курс оқып, одан әрі бизнес-идеяларына қаржылық қолдау тауып жатқан кәсіпкерлер саны ұлғайып келеді. Өткен жылы аталмыш жоба аясында 139 адам кәсіпкерліктің әліппесін үйреніп, төменгі пайызбен қаржы қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетіп отыр.


Әбдісамат ӘБДІШ.

02 сәуір 2019 ж. 817 0