№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ КӨП

КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ КӨП



«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» Заңына сәйкес Департаментпен мемлекеттік сатып алу заңнама талаптарының сақталуы камералдық бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылуда. Аталған заңнаманы түсіндіру мақсатында аудан әкімдігінде Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жергілікті атқарушы органдар мен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Жалпы, камералдық бақылаудың мақсаты – бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу. Яғни, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Қазіргі таңда, белгіленген тәртіпке сәйкес камералдық бақылау 4 бағытта конкурс және аукцион тәсілімен өткізілген сатып алулар қамтылуда. Баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден сатып алу тәсілдерімен, сол сияқты, тауар биржасы арқылы жүргізілетін сатып алулар камералдық бақылаумен қамтылады. Былтыр мемлекеттік сатып алу заңнама талаптарының бұзушылықтары артты. Мәселен, 2017 жылдың өткен кезеңінде Департаментке барлығы 561 заңды және жеке тұлғалардан шағым келіп түскен болса, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейген. Жаңақорған ауданы тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу саласындағы әркеттеріне былтыр барлығы 14 шағым түсіп, оның екеуі бойынша уәж дәлелін тауып, 12 шағым дәлелденбеді.
Айта кету керек, бүгінде мемлекеттік сатып алу веб-порталының алгоритімі бойынша әлеуетті өнім берушілер өз шағымдарын веб-портал арқылы беруге қолайлы мүмкіндік қарастырылған. 2018 жылдың осы күніне дейін Қызылорда облысы бойынша 56 конкурс тоқтатылса, оның 51-і автоматикалық түрде веб-портал арқылы жүзеге асқан.
Семинар барысында Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысының орынбасары Қайрат Тұрымтаев баяндама оқыды.
Баяндамашы Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзыреттілігі шегінде қандай міндеттер атқаратынын саралады.
– 2018 жылдан бастап Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудитті жүргізуді жоспарлауда, – деді Қайрат Қазиханұлы.
Департамент тарапынан семинар жиналыстарды өткізудің мақсаты – келешекте бақылау объектілеріне бармай камералдық бақылау жүргізу арқылы қаржылық және мемлекеттік сатып алу заңнамаларының бұзушылықтарын, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлықты болдырмауға жұмыс жасау болып табылады.

Мұрат ЕСЕНБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторы.
31 наурыз 2018 ж. 1 867 0