№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Премьер-министр Кеңсесінің басшысы тағайындалды

Премьер-министр Кеңсесінің басшысы тағайындалды

Бұл қызметті енді Ғалымжан Қойшыбаев атқарады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Үкімет қаулысымен Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев 1968 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында туған.
1991 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты (1994 ж.)
1991-1994 – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің аспиранты.
1995-2004 – Қазақстаның Ресейдегі елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі.
2004 – Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы жанындағы Өкілетті өкілі.
2004-2006 – Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.
2006-2008 – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2008-2012 – Қазақстанның Литвадағы елшісі, Қазақстанның Латвия, Эстония және Финляндиядағы елшісі (қоса атқарушы).
2012-2016 – Қазақстанның Финляндиядағы елшісі, Эстониядағы елшісі лауазымын қоса атқарушы.
2016-2019 – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2019 жылғы 26 наурыздан бастап Қазақстан Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы.
Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Ағылшын және француз тілдерін меңгерген.
Үйленген, 2 баласы бар.
Еске салсақ, 25 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаевты қызметінен босату туралы Өкімге қол қойды.
26 наурыз 2019 ж. 1 206 0