№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көшербаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Көшербаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

  Мемлекет басшысының Өкімімен  Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

    Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды. 
ÐÑмек ÐÓ©ÑеÑбаев СÑÑÑÒÑ ÑÑÑÐµÑ Ð¼Ð¸Ð½Ð¸ÑÑÑÑнÑÒ£ оÑÑнбаÑаÑÑ Ð±Ð¾Ð»Ñп ÑаÒайÑндалдÑ
  Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 
  1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады. 1988-1991 жж. - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.
  1993-1994 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі. 1994-1996 жж. - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.
  1996-1997 жж. - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы. 2000-2001 жж. - «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы.
 2001-2003 жж. - аппарат басшысы, бірінші вице-президент кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы 2004-2005 жж. жылдары «ҚазМұнайГаз ҰК» президентінің аппарат басшысы. 2006-2007 жж. - «Отан Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы. 2007-2008 жж. - «KazEnergy Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық ұйымдарқауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры. 2009-2010 жж. - «Ертіс қоғамдық-кәсіптік корпорация» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы. 2010-2014 жж. - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.
  2014-2016 жж. - Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 2016-2018 жж. - Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы. 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болған. Дипломатиялық дәрежесі I-сыныпты кеңесші. Үйленген, 2 баласы бар.

17 қаңтар 2019 ж. 1 157 0