ТІРШІЛІК ТАРАЗЫСЫ
Ет артқан түйеге ит ергіш келеді, сол сияқты қыз «кемеріне» келгенде сөз ергіш болады. Сондықтан «құсты ұятқа қалдырған жердегі жемтігі» деген ғой, аяқты анық басқан абзал, ару қыз.
Осы қызды неге қырық үйден тияды, білесіз бе? Себебі адамзаттың алыбы ана емес пе? Дән «деміксе» жарған бүршігі бүтін болмайды. Демек ұрпақтың келешегі – сіздердің бүгіндеріңізден басталады.
Бұрынғылар «Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын еш» деп болашақ құданың түп-тұяғын түгендейтін. Ал, қазір мақалдың мәні өзгерді ме, әкесін көріп қызына құда түсу маусымдық «модаға» айналған сыңайлы. Неге дейсіз бе, біріншіден әкесі жұмыссыз болса, құдаға жарыдық, басшы болса бақ бұйырды деп бөлу бар.
Жуырда ақпарат көздерінің бірінде, гинеколог маманның пікірі берілді. Ол: – Бүгінде жігіт қызды емес, қыз жігітті табады. Өйткені өмір солай, – деді. Әрине айтылмайтын да мәселе көп. Бұны бойжеткендер жақсы білуі тиіс...
Барлық нәрсе өмір өзгерісінен шығады, оны киімнен-ақ өлшеуге келіп тұр. Мәселен, етекті киім ебелекке айналып, шалбарға көштік. Бірлі-жарым болмаса, юбка сауда сөресінен де ұмыт қалды. Ал «сырғалы жігіттер» жөнінен сөз басқа. Десек те бәрінің де «бірағы» бар. «Шоққа піскен нан қандай, токқа піскен нан қандай?». Тұзы мен ұны бір болғанымен дәмі бөлек ғой. Әрине, әркімнің де өз толғамы, өз таңдауы болуы заңды, әйткенмен қарға қыран болмайтынын білгені дұрыс.
Біз, қалың қазақ отырған құйқалы елдің тұрғынымыз. Сыр елі дегенде сырт адам салт-сананың, әдет-ғұрыптың, қысқасы, ұлттық құндылықтың ұлағаты ұйыған мәртебені межелейді. Шынында солай емес пе? Дейтұрғанмен, сипаты бөлек, сиқы бұзық көріністер де қылаң беріп, қазақы әдептің құнын кетіріп қоятын қапия құбылыстар да бар. Ескі көздер «ұзын киім ұлдыкі, қысқа киім қыздыкі» депті ертеректе. Сол сөз расқа айналды. Кешегі тізені жапқан етек бүгін бөксені ғана бөліп, еркек кіндіктің көзінен оқшау ұстаған балтыр-білегін ашық қалдырды. «Қазаннан қақпақ кетсе иттен ұят кетеді» дегендей, осы көрініс нәпсі бұзарлық жағдай туғызатынын ескерсек деймін. Еуропаға еліктеудің ерсілігі тек бұл емес, азаматтық неке немесе оң жақта отырып, балалы болып қалу мәселесі етек алды. Осындайда «Әкесі бар бала талтақ, әкесі жоқ бала жалтақ» деген қанатты сөз еске түседі. Бұл намыссыз ұрпақтың өмірге келуіне жол ашты.
Әрине, азаматтың құқығына қол салу дұрыс болмас, алайда ұлттық ар-ождан үшін ескерту жасаудың әбестігі жоқ. Мәселен, мемлекеттік Қорқыт ата атындағы университетте бастама көтеріп, оқу кезінде студенттердің киім кию үрдісіне мән беруді қолға алса. Бүгінгі студент ертеңгі ел тұтқасы, этика сақтауды ерте үйренуі керек. Біріншіден, оқу орнын, ұстазын сыйлағаны жөн. Екіншіден, сән қуып, сиқын бұзған жастар әдемі болып қалмайды, әдепсіздікке ұрынады. Одан қалай ұстаз шығады, ақылы асып, кімге төрелік айтады? Ауруды асқындырмау керек.
Бұл нарық елді есепке жүгіндіріп қойды. Жастар жағы сұлулыққа табынады, беті жылтыраған, қымбат киім кигенді іздейді. Тіпті жеке көлігі, баспанасы бар болса, қуана құптайды. Өмір сүруді жеңіл қабылдауға бейім. Ал, қолынан тамақ дайындау да келмейтін бикеш қаншама. Барған жердің кем-кетігін толтырамын деп емес, «асыраса тие саламын» деген жансақ пікір жиі айтылады. Осы мың толғанып, он ойланып айтылған, келісіп пішкен түйін деуге жарайма? Әрине жоқ. Тисе терекке, тимесе бұтаққа деген екіұдай аңсар.
Алла адамға өлшеулі өмір, маңдайға жазған марапат пен машақат берген. Одан қашып қайда барасың. Тоқтықтың аштығы, аштықтың тоқтығы теңдесетін кездер кездесетінін де ескерген жөн. Таңдаймын деп тақырға отырған талайды көрдік. Бағыңа қарай бұйырған өз несібең. «Жаман деме жаманнан да жақсы туады – адам айтса нанғысыз, жақсы деме жақсыдан да жаман туады – бір теріге алғысыз» деп қазақ бекер айтпайды. Ендеше өмір үшін күрес тірі пенденің парызы екенін парықтаған пайымды.
Әйелдер қауымы болашақты болжауға әуес келеді. Үнемі құмалақшы мен көріпкелдің алдын бермей, тағдырын таразылап әуре. неге? Өйткені, ғаламат ғұмырдың кілтін іздеуге үміттенгіш. Сол себепті ме, әлдебіреуді дуалағыш та әйелдер. Басын айналдырып уысында ұстау немесе сау адамды сарп ету сияқты пиғылдарға жақын жүреді. Осындай қарғысқа қалып жатқандар да жетерлік. Ал, қарғыс – екі дүниеде де ауыр күнә екенін ұқсақ, обалы сізге оя бермейді.
Халқымыздың «Айттырған жаманның ісі, қамшылатқан шабанның ісі» деуі тегін емес. Байлықпен басып алған арудың көңілінен күн шыға ма, күйінен күң шыға ма? Енді екшеп, байқаңыз. Қаламаған адамына қосақ болу сыз жерде сыздағанмен бірдей. Әйткенмен кейбір ата-ана өз мақсаттары үшін қолындағы құсын қымбатқа «саудалайды». Әсіресе қызмет өсіру қамына байланысты. Бұдан бұрымдының болашағы не болмақ?
Мата атымен бөз де өтеді екен. Жақсы, мейлі жаман болсын, фәниде жалғыз ғұмыр кешу некен-саяқ. Сондықтан жар таңдауда жаңылмағанымыз жөн. Алайда арам ниеттен бойыңызды аулақ ұстап, таза көңілмен тілек қосқан түбінде үміт үндестігін үкілейді. Есеппен үйлену де керек шығар, бірақ қателеспеуге қам жасаңыз. Өйткені есептің шешімі үнемі ығыңа көне бермейтіні аян. Ең бастысы, жайлы өмір сүруді бәрі де армандайды, бірақ жеңіл ойлаумен, оңай олжамен өмір күресі келісе бермейді.

Қаныбек ӘБДУОВ.