№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӘЖІРИБЕЛІ ТӘРБИЕШІ

ТӘЖІРИБЕЛІ ТӘРБИЕШІ

Сүттіқұдық ауылдық округінде орналасқан «Оралхан» балабақшасының ашылғанына алты жылдан асты. 40 орындық балалар мекенінде тәрбиешілік қызмет жасайтын тәрбиешінің бірі – Индира Асқарқызының еңбегін ата-аналар жоғары бағалайды. Тек бала тәрбиесімен шектелмей, елді мекен өміріндегі қоғамдық жұмыстарға, түрлі семинарларға белсенді қатысып, жаңа бағдарламаларды меңгеруге ерекше мән беретін тәжірибелі бала бағбанын сөзге тартып, қызметімен таныстық.


Әрбір үйдің үкілі үмітін келе­шекке жалғаған жас ұраққа тә­лімді тәрбие беріп, ойы озық, өмір­ге бейім азамат етіп өсіруге үлес қосатын ұстаз қауымының орны қашанда төрде. Қазақта «дұрыс қанаттанған түзу ұшар» деген нақыл бар. Сондықтан, әр баланың қауырсыны қатайғанға дейін санасына сәуле нұрын ша­шып тұратын асыл жандардың абзалы – ұстаз. Бес жыл тәр­биешілік қызметте жүрген Индира апай мұндай ұлағатты жастарға ұқтырып келеді.
– Бала кездегі арман адас­тырмай ұстаздық жолды таңдадым. Табиғатыма жақын мамандық иесі атанғаныма еш өкінбеймін. Қандай тұлға болсын қызметіне адал, жан-тәнімен берілген болса, онда ол кісіден білікті маман шығады деген қағиданы өмірлік ұстаным еткен жанмын. Мен үшін ұрпақ тәрбиесі бірінші орында тұрады, – деп әңгі­месін бастады ол.
Еңбекке ерте араласқан кейіп­керіміз қызметін Белкөл кентінде мектеп-интернатта тәрбиеші болып бастайды. Одан кейін Қожам­берді ауылында "Бақберген" балабақшасында тәрбиешілік қыз­метін жалғастырады. Көп уақыт өтпей Сүттіқұдықтағы Гүлжайна Рыспаева құрылтайшылық ете­тін "Оралхан" балабақшасына қыз­мет­ке орналасады.
– Индира Асқарқызы білікті ма­ман. Бала тәрбиесінде тәжіри­бесі толысқан, білікті кадр. Сондықтан, Индира тәлімгердің қызметіне ауыл тұрғындары дән разы, – деді мекеме меңгерушісі Ақтоты Есімова.
Қазір балабақша екі топқа бөлі­ніп, ауыл балаларын тәр­биелеуде. 3-4 және 4-5 жас аралығындағы балғындар би үйірмесіне қатысады. Үштілділік, яғни, ағылшын және орыс тілінен дәріс алады. Ал, мек­тепке даярлық сыныбын №52 М.Аралбаев атандағы бі­лім ошағының ұстаздары келіп дәріс береді екен. Ал, ашық са­бақ, рухани шаралар, «Тәй-тәй» бағдарламасы аясындағы сабақ­тарды жиі өткізу бала санасының жетілуіне оң әсер етеді дейді тәлімгер.
– Қазақ даналығында «балаға өз тіліңмен емес, өз тілімен сөйлес» дейді. Расында, баланың болашағына дұрыс бағдар бер­ген абзал. Себебі олар елдің ертеңі. Тәрбиемен қатар олардың толыққанды қалыптасуы маңызды. Баланың жасы ұлғайған сайын оның сөздік қоры арта түсуі керек. Мұндай да ата-ана салғырттық танытпауы тиіс. Сондықтан, күн­делікті баланың танымын кеңейту мақсатында тақырыптық ертең­гіліктер ұйымдастырып тұрамыз. Оған қоса, «Шебер қол» деген арнайы дәрісті балғындарды еңбекке баулимыз, – деді ұстаз.
Елдің ертеңгі болашағы – бү­­гін­гі бүлдіршіндер. Балаға тәлім­ді тәрбие беру – тұтастай ұлтты тәрбиелеумен тең. Демек, бала тәрбиесі саласында тер төгіп жүрген әр маман оның болашағынан зор үміт күтері анық. Тәртіпке үйлескен тәрбиені жас сәбидің тұла бойына сіңіріп, оның келешекте парасатты аза­мат болып қалыптасуына бар күш-жігерін арнап жүрген бала бағбандарының еңбегі еселі.
Біз сөз еткен Индира Асқар­қызының бойындағы кеңдік, балаға деген мейірімі, мақсатына жетудегі ізденісі болашақ тәлімгерлерге үлгі-өнеге...

Айсұлу АЛДАНАЗАР.

26 ақпан 2019 ж. 883 0