№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОҚУДА ОЗАТ САБИНА

ОҚУДА ОЗАТ САБИНА

Жақында Жаңарықтағы №167 мектебінің 6-сынып оқушысы Сабина Ерболатқызы Көкшетау қаласында өткен «Зерде» ХІV республикалық конкурсынан жүлделі оралды.
Сабина – дарынды оқушы. Жастайынан зеректігімен ұстаздарының көзіне түскен оқушы математика пәнінен алғырлығын танытып, мектепішілік сайыстарда жүлделі белестерді бағындырып жүр. Оқуда озат оқушы түрлі сайыстарға қатысып, математика пәнінен «Таңғажайып сандар» атты ғылыми жоба жасап, 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде математика, информатика секциясы бойынша І-орынды иемденіп, республикалық сайысқа жолдама алады. Ақмола облысының Щучье қаласында өткен білімгерлер сайысында оқ бойы оза шығып, елдің түкпір-түпкірінен қатысқан 400-ден аса оқушы арасында үздік шығып, облыстың намысын қорғады.
– Сабина өте зерек шәкірт. Қатарластарына қарағанда математикаға деген қызығушылығы басым. Сабақта үйреткен жаңа сабақты тез ұғып, өз бетінше есептердің жауабын тез шешеді. Баланың бойындағы осы қасиетін аңғарған басшымыз Гүлжан Айменова ғылыми жоба жасап, оған дайындалуды ұсынды. Сол кісінің бастамасымен зерттеу жұмысына дайындалып, республикалық байқаудан ІІІ-орын алдық, – дейді жетекшісі Ақниет Ераханқызы.
Әлі ойын жасындағы бала болса да Сабинаның білімге деген құштарлығы басым, болшағына қойған мақсаты айқын. Бос уақытында есеп шығарып, түрлі кітап оқып, ағылшын және орыс тілін меңгеруді алға қойған оқушының арманы асқақ. Айтар ойы мығым.
– Ата-анам әрдайым білімдінің болашағы жарқын деп айтып отырады. Мен де болашақта білімді, білікті маман болуды армандаймын. Осы жылы 6-сыныпты бітіргеннен кейін Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқығым келеді. Қазір сол мектепте түсу үшін емтихан сұрақтарына дайындалып жүрмін. Арманым болашақта білікті дәрігер болу, – дейді дарынды оқушы.
Ұстаздың жұмысының жемісі шәкіртінің бағындырған белесімен бағаланатыны рас. Мектеп басшысы Гүлжан Айменова да оқушысының жемісін бүкіл мектептің абройы екенін жасырмады.
– Сабина Ерболатқызының математика пәні бойынша жетістікке жеткені –үлкен жетістік. Бұл бұрын-соңды біздің мектептің тарихында болмаған жеміс. Жас келсе – іске демекші Ақниет Ераханқызы жуырда жұмысқа орналасқан жас маман. Шәкіртімен тынымсыз дайындалғанының арқасында нәтижеге қол жеткізді. Осы қарқыннан таймай, алдағы уақытта талай белестерді бағындырады деген сенімдемін, – деді мектеп директоры.

PS.: Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындау мақсатында білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқытып, оның сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталады. Демек, цифрлану заманында мемлекеттің өзге елдермен терезесін тең ұстауы жолында, мәңгілік елдің болашаққа даңғыл жол салуында Сабина сынды озат оқушылардың қосар үлесі басым.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
23 ақпан 2019 ж. 2 321 0