№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҒЫЛЫМДЫ ИГЕРУГЕ ТАЛПЫНҒАН...

ҒЫЛЫМДЫ ИГЕРУГЕ ТАЛПЫНҒАН...


Жақында оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурстың облыстық кезеңіне 139 жобамен 162 оқушы қатысып, тақырыптарын қорғап, ізденістерін дәлелдеді.
Баланың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін арттыратын конкурсқа №240 мектептің оқушысы Лашын Әнапия да қатысып, жобасын сәтті қорғап, конкурстың республикалық кезеңіне жолдама алды.


Ғылыми жетекшісі Гүлжайна Мұсабекованың сөзінше, Лашын табиғатынан алғыр оқушы. Яғни, жастайынан білім сүйген, ғылымға құштар, ізденімпаз өспірім. Конкурсқа қатысқан оқушылардың ішінде ұстанымы, көзқарасы мен дәлелді, дәйекті сөйлеуімен ерекшеленген.
– Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсетуді мұрат еткен конкурста білімін көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Ол Алпамыс батырдың өмірде болғанын тарихи деректер мен халық ауыз әдебиетіндегі мәліметтер бойынша аңыз кейіпкері ғана емес, щынайы өмірде болғанын дәлелдеп шықты. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» авто жолы бойында Төменарық ауылына бұрылыс тұсында «Гүлбаршын ана» стеласы бой көтерген. Соның қасына Алпамыс батырдың ескерткішін тұрғызуды да көтерді, – дейді Гүлжайна Оразәліқызы.
Конкурс сегіз секция бойынша өткізілсе, соның қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде Лашын Әнапия «Алпамыс батыр туралы ақиқат» тақырыбында қорғады. Бұған дейін де ғылыми жобаларға қатысқандықтан, өзін еркін ұстап, мүмкіндігін дұрыс пайдаланады.
Бізді қызықтырғаны, Лашын «Алпамыс батыр» жырын толығымен жатқа білмесе де үзік-үзік шумақтарын жатқа айтып, мазмұнын толық баяндап берді.
– Мен 3-сынып оқып жүргенімде апайым Қарлығаш Рысбаева аудандық байқауға қатысатынымды айтып, «Жылқының қасиеті» туралы ғылыми жобаға дайындалдым. Содан бері түрлі тақырыптарда ізденуге қызығушылығым артты, – деді алғыр оқушы.
№240 мектептің директоры Кенжехан Толқынбай:
– ХХІ ғасырда дамудың өрісін іздеген мемлекеттер білімділікке, біліктілікке басымдық беріп, адами капиталды дамытуға мән беруде. Ал, адами капиталдың негізі білім мен ғылымда. Ендеше, интеллектуалды ұлт қалыптастыру маңызды шаруа. Сондықтан, орта білім беретін құрылым заманауи міндет-талаптарға жауап беретін бағдарламалармен жүйелеп, оқушының білімді, ғылымды меңгеруіне басымдық берілуде, – деп ғылым мен білімді ұштастырып меңгерудің артықшылығын айтты.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.

30 қаңтар 2019 ж. 918 0