№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПКЕРЛІГІ ДАМЫҒАН АУДАН

КӘСІПКЕРЛІГІ ДАМЫҒАН АУДАН

Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табысының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты. Ол үшін бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестецияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек.

Ғалым Әміреев нақ осы салада ұтқыр бастамалар мен ұтымды шешімдер қабылдап, жаңақорғандықтардың өз күшіне сенуге үндеді, белсенді болуға шақырды. Кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы азаматтарға нарықтық қатынастардың мән-жайын түсіндіріп, аудандық бюджет есебінен оқу курстарын ұйымдастырды. Әр аптаның сәрсенбісінде кәсіпкерлерді қабылдап, мәселелерін тыңдап, шешілу жолдарын қарастырып, қолдады. Елді мекендерде «Агро-индустриялдық аймақ» құрып, кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасады.
Нәтижесінде республика бойынша кәсіпкерлік саласына қолдау көрсеткен озық ауданның қатарына көтерілді. Мұны статистика да растайды.
2019 жылдың 1 қаңтарында тіркелген кәсіпкерлер 3952-ға жетіп, 2017 жылмен салыстырғанда 115,8 процентке артты. Сыр өңірінде шағын және орта бизнес құрылымдарының сандық және сапалық даму деңгейі (белсенді кәсіпкерлер) жөнінде алдыңғы сапта. Мәселен, бір жылда жаңадан ашылған кәсіпкерлік субъектісі – 845-ке жетті. Одан кейінгі орындағы ауданда 788-ні құрайды. Осыдан-ақ Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік саласындағы әлеуетін бағамдауға болады.
Жаңақорған ауданының тұрғындары нарықтық қатынастардың заңдылықтары мен қыр-сырларын меңгеріп, біліктілігін арттыруда және қаржылық ұйымдардан қаржы тартуда белсенді. Нақты айтқанда, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 250 адам білімін жетілдірсе, «Бизнес-кеңесші» жобасымен 139 адам оқып, сертификат алды. «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы» ЖШС арқылы 115, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бойынша 106, «Қамқоршы» несие серіктестігінен 15 жоба қаржыландырылды. «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 200 млн. теңге болатын 8 жоба несиеленді және мемлекеттік грантқа 75 жоба ұсынып, оның 19-ы грант алып, кәсіпкерлігін дамытуға мүмкіндік алды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 25 кәсіпкер 205 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізсе, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы», ұлттық компаниясы» АҚ арқылы 2 жобаға 461 млн. теңге несие алынды. Жалпы, қаржы көздерінен 296 жобаға 1 млрд. 857 млн. теңгенің қаржысы тартылды. 2018 жылы 2 млн. теңгені құрайтын кәсіпкерлердің саны 442 бірлікті құрап, шағын және орта биснез субъектілерінің 12,0 пайызын құрады. Мұның бәрі үлкен жетістік, өте жақсы көрсеткіш.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуын тапсырғаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда да брендтік өнімдер қалыптаса бастады. Мәселен, еуропалық стандартқа сай лего-кірпіш пен алуан түрлі төсеме тастар (брусчатка) өндіретін «Асем тастың» өнімдеріне сұраныс артты. Инновациялық жобаның үйлестірушісі Жомарт Шәуеновтің өніміне қызығушылар артты. Сондықтан болар, «Қазақстанның үздік тауары – 2018» облыстық көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша марапатталды. Одан кейін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтің «Алғыс хатына» ие болды. Кейдендік Қасым Әбжаппаров өзі жетекшілік ететін «Әбділда» шаруа қожалығы жүгері сусының өндіретін цехты іске қосты. «Кәусар» сусының өндіретін іскер азамат цехты ұлғайтпақ. Себебі, нарықта сұраныс артқан.
02 ақпан 2019 ж. 1 737 2

Гость Jeahulalf от 26 ақпан 2019 04:03
Stendra 50mg Ed Can I Purchase Priligy From India Diamox medicamento comprar propecia Amoxicillin Tr K Clv 875 125mg Progesterone Website Secure Ordering

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 02:06
Aid Kamagra Amiens 100mg generic cialis canada Sex Med Man