№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: МАНАПТЫҢ МЕЖЕСІ

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: МАНАПТЫҢ МЕЖЕСІ

Елбасының жылдағы Жолдауындағы басым бағыттың бірі кәсіпкерлік саласы. Себебі, елдің әлеуметтік әлеуетінің артуы шағын және орта бизнестің дамуында. Бұл бағыттағы бағдарламалар әсіресе ауылдағы ағайынның шағын кәсіпке бет бұруына мол мүмкіндігін тудыруда. Осы орайда, Манап ауылында қандай жұмыстар атқарылуда? Ауыл әкімінің есепті кездесуінде осыны сараладық.

Ауылдық округ әкімі Е.Әлменовтың баяндамасынан белгілі болғандай, 2018 жылы 5 адам несие алып, кәсібін дөңгелетуде. Артық Нұртазаев 1 400 000 теңге, Бағлан Ниязов 3 млн. теңге несие алып, кәсібін дөңгелетсе, Айгүл Қазанғапова мен Гүлфайруз Қалдыбаева 1 млн. теңгені «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы алған. Сондай-ақ, Рахия Махмудова «Өңірлік инвестиция орталығынан» 2 млн. теңге алып, мал бордақылау бағытында жұмысын бастапты. Оған қоса, өткен жылы Манап ауылының жол бойынан С санатты «Рахат» қызмет көрсету кешені пайдалануға берілген. Кешен құрамында: кафе, қонақ үй, дүкен, монша, көлік жуу, техникалық қызмет көрсету бекеті бар.
Ал, салық төлемдерін дер кезінде түсіруге байланысты біршама жұмыстар атқарылған. Яғни, жергілікті салық түсімдері есепті жылға 834,2 мың теңге түседі деген болжам, 984,0 мың теңге болып, 118 пайызға артығымен орындалған. Жер салығы жоспарда 81,000 мың теңге орнына 87,450 мың теңгеге артығымен орындалған.
Есепті кездесу соңында Талап бекетінің тұрғыны Сатылхан Ниязов елдімекендегі медпункттің Бірлік ауылдық амбулаториялық емханасына тіркелуіне ауыл тұрғындары атынан наразылық білдірді. Бұл мәселеге аудандық емхананың меңгерушісі Сәкен Үсейінов жауап берді. Оның айтуынша, медпункттің Бірліктің құзырына берілуі жаңа заң талаптарына сәйкес жүргізілген. Десе де, аудан әкімі Ғалым Әміреев қосымша бұл мәселенің оңтайлы жолын қарастыруды жүктеді.
26 қаңтар 2019 ж. 818 0