«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ҚОСҮЙЕҢКІНІҢ ҚАРҚЫНЫ

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ҚОСҮЙЕҢКІНІҢ ҚАРҚЫНЫ

Салық түсімі ұлғайса, ауылдың көркейетіні айқын. Бұл бағытта Қосүйеңкі ауылында 2018 жылы атқарылған ілкімді жұмыстар жөнінде ауыл әкімі Жанай Жанпейсов баяндады. Әкім есебінен белгілі болғандай, салық түсімдері бойынша 2018 жылы мүлік салығы 113,5 пайызға, жер салығы 100 пайызға және көлік салығы 82,8 пайызға орындалған.

Бұл көрсеткішке көңілі толмаған аудан әкімі Ғалым Әміреев биылғы жылы салық түсімін ұлғайту бағытындағы жұмысты жандандыруға тапсырма берді. Өйткені, ауыл тайқазанының түсімі артса, халықтың да өзекті мәселелерін уақытылы шешуге мүмкіндік болады.
Ал, кәсіпкерлік бағытта қарқынды жұмыс бар. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 1 адам оқыту курсын оқыса, «Өңірлік инвестиция орталығы» ЖШС-нен 3 адам 6 млн. теңгеге шағын несие алып, кәсіптерін дөңгелетуде. Оған қоса, жастарды қолдау мақсатында «Zhas project» жастар жобасы бойынша 1 жас грант жеңімпазы атанып, «Аруназ тәттілері» шағын кәсіпорнын ашып, 6 ай бойы ауылдық округтегі тұрмысы төмен отбасыларына нан мен тәттілерін тегін таратқан. Әрі 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.
Ауыл әкімінің есебінен белгілі болғандай, елді мекеннің қолма-қол ақшаны бақылау шотына түскен қаржы уақытылы игерілген. 2018 жылға 889650 теңге түсіру болжанып, 100% орындалған. Ауыл ішіндегі тас жолға 525000 теңге жаратылды. Ауыл әкімі аппаратына қызметтік автокөлік сатып алуға 3 млн. 610 мың теңге, 2 дана компьютер алуға 333700 теңге, көшеге тас төсеуге 955 мың теңге, кеңсе жиһаздарын алуға 1040000 теңге бөлінген. Десе де, бір айта кетерлігі, Қосүйеңкі ауылында бірде-бір мәселе көтерілмеді. Осыдан-ақ ауыл ахуалының түзелгенін аңғаруға болады.
---
26 қаңтар 2019 ж. 1 023 1

Гость Jeahulalf от 23 ақпан 2019 11:21
Zoloft Fast Delivery levitra pas cher Doxycycline 100mg Acne Coumadin For Sale