№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ӘКІМ ЕСЕБІ: СУНАҚАТАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛДІ МЕ?

ӘКІМ ЕСЕБІ: СУНАҚАТАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛДІ МЕ?


Ауыл әкімі А.Жумадуллаевтың есепті баяндамасынан белгілі болғандай, 2018 жылы «Қызылорда» Өңірлік инвес­тициялық орталығы арқылы 3 кәсіпкер 15,0 млн. теңге несие алып, 1 адам мал басын асылдандыру бағытында, 1 тұрғын наубайхана, монша ашып жұмыс жасауды бастап кеткен. Кәсіпкерлік бағытындағы нәтижелі жұмыстардан кейін тұрғындар тарапынан сұрақ-жауапқа ұласты.

Еңбек ардагері Тұрды Балғабаев ауылдағы балабақшалардың ғимараты бұрынғы тұрғын үйлер екенін айта келе, типтік жобадағы балабақша салдыруға қолдау сұрады. Ал, Азат Юсупов соңғы екі жылда тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілген қандай көмек болғандығын, тұрғындардан қанша салық түскенін сауал етті. Әрі соңғы 2 жылда аудан әкімінің бастамасымен ашылған «Агроиндустриялық аймақ» жұмысының өміршеңдігіне алғысын білдірді. Қалмақан Тәженов болса, ауылға келетін каналдан аяқсудың келмей қалғанына алаңдаушылық білдірді. Өз кезегінде аудан әкімі Ғ.Әміреев өзге ауылдарда балабақша мен клуб мәселесін мем­лекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде кәсіпкер тауып, қарекет жасап жатқанын тілге тиек ете келе, осы бағытта жұмыс жасау керектігін жеткізді.
19 қаңтар 2019 ж. 1 154 0