БІРЖАННЫҢ БИІГІ
2018 жылдың қорытындысымен Қазақстан мектептеріндегі денешынықтыру пәні мұғалімдерінің «Жыл үздігі-2018» арнайы төс белгісі және «Сертфикаты» №196 мектебінің ұстазы Біржан Иманбаевке бұйырды.
Ол білімді педагог қана емес, білікті бапкер ретінде ауыл жастарын күрес түрлеріне баптап жүр.
Қазақ күресі, белбеу мен дзюдодан талай шәкірттің қанатын қатайтты. Одан тәлім алғандар арасында ел намысын абыроймен қорғап жүргендер баршылық. Соның бірі – парадзюдодан Әлем чемпионы атанған Олжас Оразалыұлы.
Жалпы, Біржан 13 жылдан бері мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі қызметінде. Жастайынан спортқа қызыққан ол өзі де ауылда күреске қатысып, талай турнирде олжа алады.
– Шыны керек, ауыл балаларының арманы спортта жетістікке жету ғой. Алайда, өзім жетпеген жетістікке шәкірттерім жетіп, қуанып жүрмін. Негізі талантты балалар ауылда көп. Тек олардың бойындағы дарынды аша білу қажет-ақ, – деді ол.
«Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады» демекші, Біржанның Олжастан бөлек, Алтынбек Өмірәлі деген шәкірті қазақ күресінен республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Әрі, Әлем біріншілігіне қатысып, ел мерейін үстем еткен жас саңлақ. Сондай-ақ, белбеу күресінен Қазақстан Республикасының екі дүркін жеңімпазы. Тағы бір шәкірті Әмірбек Бердібек те қазақша және белбеу күресінен ел чемпионаттарында жүлде алған талантты балуанның бірі.
– Биылға жоспар көп. Шәкірттерім тыңғылықты дайындық үстінде. Алдымен, облыстық турнирді жеңу мақсаты тұр. Жалпы, баланың спортта жетістікке жетуі, оның өсуі жарыстарға көптеп қатысуында. Сонда ғана баланың қабылеті ашылады, шеберлігі шыңдалады, – дейді бапкер Біржан.
Расында, бала жарыс көріп, жиі қатысу арқылы спорттың деңгейі өседі. Өз-өзіне сенімділігі оянады. Сондай бәсекелі турнирдің қатарында Еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған дәстүрлі турнир бар. Осы турнирде бабы мен бағын сынайтын машбектік жастар қатары көбейіп келеді.
Чемпиондар шыққан №196 мектептің білімі де жақсы. 2017-2018 оқу жылында ҰБТ-ға қатысқан 18 түлектің 16-сы мемлекеттік грантты жеңіп алған. Соның ішінде, әлем чемпионы Олжас биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алады.
– Біржанның қанатынан шыққан жастардың жетістігі бір төбе. Әлемді мойындатқан Олжас сынды балуанды тәрбиелеген онымен біз қашанда мақтанамыз, – деді мектеп директоры Талғат Есқабылов.
Енді аз-кем Біржанның төл шәкірті Олжас туралы тоқтала кетсек, 2018 жылдың қорытындысымен Сыр елінің «Үздік спортшысы» атанды. Дзюдодан әлем кубогы мен Гран-при жүлдегері деген атағы тағы бар.
Айта кетені, Олжас бұл атақты Біржанның қол астында жаттығып жүргенде жеңіп алған-тұғын. Қазір Қызылорда қаласында Руслан Беркінбайдың қол астында жаттығып, шеберлігін шыңдауда.
Міне, Біржан Иманбаевтың өзінің бапкерлік мансабындағы жетістігі осындай. Кішіпейіл азаматтың бойынан жігерді де, шәкіртке деген махабатты да көрдік.
Өз ісін жан-тәнімен жақсы көретін бапкерден Олжас сынды чемпиондар көптеп шығатынына сенеміз. Себебі, Біржан чемпион тәрбиелеудің жолын жақсы біледі...
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.