Бишімбаевтің коттеджі ауылдық клубқа айналып кетті
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің котеджі енді Қосшы ауылының мәдени ошағына айналды. Зәулім үй ауылдық клуб қызметін атқармақ. Бұрын бассейн, монша болған бөлмелерде жеткіншектер мен ақсақалдар не істейтінін Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бұл коттеждің салынуына 293 мың доллар жұмсалған. Көрші ғимараттардың да арзан емес екені байқалады. Бірақ ағаштан соғылған үй осы екен.
Аңшы стилінде салынуға тиіс үйде қазір мәдени ошақ екенін білдіретін символдар ілініп тұр. Тіпті салтанатты жиындар өткізуге кішігірім сахна мен көрермендерге арналған арнайы орындықтар да бар.
Ал орындықтарды жинап тастаса, бөлме хореография залына айналады.
Келесі жылдан бастап, кәсіби тренер осы жерде балаларға би үйретеді.
Коттедждің бірінші қабатында би залымен бірге халықтық аспаптар оркестрі де болады. Жазда бассейн тұрған бөлменің шұңқыры жабылып, өнерпаздар отыратын орынға айналған. Қазірдің өзінде домбыра-қобыз ойнауды қалайтын 23 бала жазылып үлгеріпті.
Екінші қабатта шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ секілді үстел ойындарын үйретуге арналған үйірме ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бұл қосшылық ақсақалдардың бас қосатын орын болады. Вокал үйірмесі мен кітапхана бөлмесі де осы қабатта орналасқан.
Жоспар бойынша, мұнда 11 үйірме ашылып, 200 бала сабақтан тыс түрлі бағытта дәріс алмақ. Олар үшін 20 қызметкер еңбек етеді. Жұмысшыларды қатаң байқау арқылы қабылдаймыз дейді клуб меңгерушісі.
Қыркүйектен бері ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары тоқтаусыз жүрген.
"Коммуналдық желілерді қалыпқа келтіру бойынша біраз шаруа атқарылды. Целиноград аудандық бюджетінен қаржы бөлінді. Демеушілер де көмектесті. Жалпы сомасы 10 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Оның жартысын демеушілер көтеріп алды", - деді Қосшы ауылдық клубының меңгерушісі Күлшат Досмағамбетова.
Үйірмелерге қажетті жабдықтардан бөлек, бейнебақылау камералары да алынған.
Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев былтыр қаңтардаақша жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынған болатын. Ағымдағы жылдың наурыз айында ол 10 жылға сотталды.