» » » ЖАҢАҚОРҒАНЫМ ЖӘННАТЫМ

ЖАҢАҚОРҒАНЫМ ЖӘННАТЫМ

Бесарық ауылдық клубында Жаңақорған ауданының 90-жылдығына арналған "Жаңақорғаным жәннатым" атты мерекелік концерт болып өтті. Концертті ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Жайымбаев,әйелдер кеңесінің төрайымы Рысжан Төлепбергенова, "Қандөз ауылдық клубының" директоры Ілесбай Рысбаев, "Әлшекей" халықтық ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі Бәден Айсыновтар ашып мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Ақтөбе қаласында өткен "Өнерім өрісім" атты Республикалық отбасылық ансамбльдер байқауының 1-орын иегерлері "Айсыновтар" отбасылық ансамбльі,сонымен қатар Жаңақорған ауданына қарасты ауылдық клубтардан өнерпаздар қатысты. Атап айтар болсақ Мұхит Әбенов,Бауыржан Құрманбай, Бақыт Сәрсекбаев , Жасұлан Түлкібаев, Марат Нақипов, Сұлтан Нұрбаев, Ерсұлтан Мұстафаев, Асылжан Омаров, Балмұқаммед Әпжаппаров,"Мереке-думан" би тобы және жетекшісі Өмірзақ Оспанбеков, Таңелі Есіркеповалардың қатысуымен концерт жоғары деңгейде өтті. Шара клуб ғимаратының жаздық сахнасында өткізілді. Концертке 200 көрермен қатысып ризашылықтарын білдіріп алғысын айтты. Мереке соңы жастардың би кешімен жалғасын тапты. 
24 шілде 2018 ж. 1 319 0