№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңғыру лебі – жүректің емі

Жаңғыру лебі – жүректің емі

  Жаһанды жақсылыққа бастайтын басты тұлға – адам жанын ізгілендіру талабы ұлт болашағының тірегіне айналды. Дамудың кілті – жан-жақты, рухани жетілген адами капиталдың қолында. Осы бағытты басымдыққа алған Сунақата ауылдық округі басшылығы мен Мәдениет клубы ауылдағы мекемелер арасында "Рухани жаңғыру – ұлт болашағы" тақырыбында жыл көлемінде өнер сайысын өткізуді жоспарлаған болатын. Жыл мәресін қорытындылаған ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның ұжымы көрерменге жарқын көңіл күй сыйлап қана қоймай, өздерінің кәсіби құзыреттілігіне кең өріс, өркенді өзгеріс тарту етті деуге болады.

   Халыққа медициналық қызмет көрсететін ақ халатты абзал жандардың ашық мінез, асқақ болмысты иелене білуі жетістікке жол ашары анық. Аурудың табар емін – дәрігерге деген сенім. Бұл жерде дәрігердің жылы сөзі де көңілге демеу. Жылы сөз жанашыр жүректен туады. Ал жүректі қуаттандырып, қайтпас рух, қажымас қайрат сыйлап, нәзік жаратылыстың мәнін түсінуге жол ашар өнер құдыретін ешнәрсемен теңгеруге болмайды. Сондықтан осы күні сахнаны жатсынбай, бойларындағы бар қарым-қабілетін жарқыратып көрсетуге ұмтылған денсаулық сақшыларының саналық тұрғыдан биік болмыс, жан-жақты жаңашылдықтарына шынайы көз жеткізе алдық.
Тарихқа деген дұрыс ұстаным түп-тамырымызды терең зерделеуге жол ашады. Ежелгі Сығанақ қалашығының құнарлы топырағында көктеп-көгеріп, құлашын кеңге жайған ұландардың ата-баба аманатына адалдығы әрбірінің жауқазын жүрегінде бүр жарып, баянды жалғасын таба береріне осы күні тағы бір көз жеткізгендейміз.

   Медициналық қызмет сапасы әлеуметтің көңіл-күйінің аса маңызды компоненті. Бұл тұрғыда ынтымақтастық, дәрігерге деген алғаусыз сенім, шешуші фактор. Ортақ намыс жолында бірлесе ізденісті жұмыс жасаған Сунақата, Еңбек, Екпінді ауылының ақ желеңділері өнер сайысында да елді салауаттылықта бастайтын жарқын идеяларымен көп көкейіне ұмытылмас әсер сыйлады. Қоғамның байлығы-адамның саулығы. Бұл бағытта өнерді өмірлік серігіне айналдырған жанның көңілін кір шалмайды. Дерттің көбі қанағатсыздықтан. Адам жанын тап басып тани білер тамыршыдай талғампаз тұлғаның өнерден шет қалмауы оның шипагерлік баянын байытып, көппен тығыз жақындастыра түсеріне сенуге болады. Осы күн сахнада әуелете ән шырқаған дәрігерлік нысаннын бас дәрігері Арайлым "Атамекен" әнімен ауыл халқы рухын бір көтеріп тастады. Байтелеева Ақманат өзінің ұлы Дәулет Жанболатпен ән шырқаса, Қасымханова Гүлнұр мен Өтегенов Абай дуэт орындады. Бекназарова Гүлмира "Тәуелсіз қазақ қызымын" әнін, Айтжанова Күнсұлу, Ақмолдаева Гүлжаһан "Қазағым" әнін орындады. Сапарғалиқызы Шұғыла "Аққу" биін төгілдірсе, медик қыздарымыз "Қазақ биімен" көп көңілін тамсандырды. Жастар құрамы сахналаған "флешмоб" та жарқын көңіл-күй сыйлады. Ақ халаттылар сахналаған "Абзал жандар" көрінісі кәсіби қызметтің қыр-сырын әдемі әзіл-түрімен бейнелеп берді.

   Бұған дейін ақ халаттылардың алдына ем алуға ғана баратын ауыл халқы бүгін олардың өнер шашуларына молынан малынып, дем алып қайтты.

                                                                                                                                                  Баян ҮСЕЙІНОВА.
22 желтоқсан 2018 ж. 706 0