Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 143

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 158

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 987

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 487

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 682

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 669

№25 (8633) 28

28 наурыз 2023 ж.

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » » МӘДИНА ЕРАЛИЕВА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ

МӘДИНА ЕРАЛИЕВА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ


ҚССР білім беру ісінің үздігі Өтегенов Қасым Өтегенұлын 70 жылдығына орай, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылдық клуб үйінде «Қалдырған ізін мәңгілік»- атты облыстық жас әншілер байқауы өтті. Шараға өнер майталмандары мен тәлімгердің қызметтес-әріптестері көптеп жиналды. Клуб үйінің директоры Рүстембек Көшеров Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тұңғыш рет мәдени-рухани шара өткізіп отырғанын сөз ете келе, шараны жыл сайын өткізуді қолдайтынын айтты.

Тәлімгердің қызмет еткен қарашаңырағы №203 орта мектебінің алдында өрбіген байқауға облыстан 14 әнші бақ сынасты. Тартысты және жоғарғы деңгейде өткен байқауға Жаңақорған ауданы атынан Бесарық бекетінің дарынды өнер иесі  Мадина Ералиева қатысты. «Шын талантқа тұсау жоқ»  дегендей Мадина Ералиева аздап науқастанып қалғанымен өз әншілік қабілетін көрсете білді. Талай өнер оқу орындарында тәжірибе жинақтап, кәсіби әншілерден өнер сабағы алып жүрген жерлесіміз өз дәрежесін төмендетпей жүлделі үшінші орынға ие болды. Бас жүлде Қызылорда қаласының әншісінің қанжығасында кетті.  Байқауға дайындаған ұстазы Жәнібек Сыздықов: « Мәдина Ералиева – ауданның бетке ұстар талантты тұлғасы. Біз Мәдинамен мақтанамыз, оның өнерін қолдаймыз!» – деді. Шын таланттымен топ жаратын жалынды жастардың қатары көбейе бергей!
16 шілде 2018 ж. 1 084 0