№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ерекше ордаға еніп көрдіңіз бе?

Ерекше ордаға еніп көрдіңіз бе?

  Қараша айының 16-жұлдызы «Креативті ойлау» пәнінің дәрісі бойынша оқытушымыз филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүльжан Қажымұратқызы және тобымыздағы құрбыларыммен «Жазушылар Одағына» жолым түсті. Ғимаратқа кіре бергенде-ақ басқаша аураны сезінген болатынмын. Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Олжас Сүлейменов сынды шығармашылықтың шыңын бағындырған ұлы тұлғалар аяғын басқан орында менің де болғаным ерекше қуаныш сыйлады.

  Ғимарат бейнесі сырттан көнекөрінгенімен, ішкі құрылысы, дизайны , барлығы да ерекше. Үлкен сахнаға қарай бет бұрып, ұзақ танырқай қарап қалдым да, алдыңғы қатардың біріне барып, жайғастым.   Топ ішінен Бейбіт ағамыз шығып келіп, сахнада Махамбет Өтемісұлының «Ереуіл атқа  ер салмай» өлеңін ерекше интонация, тың дикцияда, өзіндік стилінде тамаша оқып берді. Мен осы кезде жазушылар арасында да түрлі эстафеталар өтетіндігін білдім. Жаңағы топтан суырылып шыққан Бейбіт ағамыз Мыңбай ағамыздың жолдаған эстафетасын қабылдап, бізден осы сәтті бейнеге түсіруді сұраған болатын:  «Тұлпар мініп, ту алған»  деген міндетті түрде батырлар жырынан үзінді айту деген түсінікте емеспін. Тұлпар мініп, ту алған батырлардың көкесі Махамбет деп білемін.  Кейбірі бұл өлеңді дауысын көтере, ашу –ыза, кекке толы көңілімен оқиды, ал меніңше,  Махамбет атамыз қолына қалам алғанда , қайғы-мұңмен жазған секілді» дей келе, «Мен – мен едім, мен едім» атты Исатайға арналған өлең шумақтарынан үзінді оқып, бейне бір Махамбеттің образын орындағандай болды. Айтулы кешке жиналып жатқан қонақтардың барлығы дерлік, шығармашылыққа жаны құмар, оқырман жүрегіне өрелі сөзімен, асқан талант, дарындылығымен жетіп жүрген жазушы ағаларымыз, әпкелеріміз болатын. Жазушы, ақын деген бәйгеге қосқан жүйріктей шабыты келсе, шарықтап, ой-қиялына ерік беріп, бір сәтте-ақ теңдесіз дүние тудыратын тұлғалар емес пе?  Сол сәтте  бірден ойыма түскені: «Осы сахнада мен де тұрып, өлең оқитын кез болар ма екен?». Ақын ағаларымыздың өткір қызыл тілді шығармаларын тыңдай отырып, бірде өзіме жаңа ой түйіп, бірде оның қабілетіне тамсанып қалдым. Көп ұзамай бүгінгі тұсаукесер кешінің жүргізушісі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, жазушы Бақыт Беделханұлы ортаға «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, М.Қашқари және Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтардың лауреаты, «Бөрісоқпақ» кітабының авторы Дәурен Қуат пен «Ақ Жауын» кітабының авторы,  2002 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, « ҚР Жастар одағы» сыйлығы лауреаты Әлібек Шегебаевты шақырды. Сөз басын «Қазақстан Жазушылар одағы» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлықтарыныңлауреаты Бауыржан Жақып ағамыз құттықтау, тілек сөздерімен бастады. Міне, көптен күткен толқулы сәт те келіп жетті. Дәурен Қуат ағамыздың «Бөрісоқпақ»,  Алибек Шегебаевтың «Ақ жауын» атты бірі поэзия, бір проза болып табылатын, сиясы әлі кеппеген туындыларының тұсау кесу рәсімі барша жазушылардың ұстазы, жасы 89 келсе де, көңілі жас баладай алып  ұшқан, менің көңілімде бойында қуатты сарқылмаған тұлға ретінде өзіндік ерекшіліктерімен қалған Мыңбай атаның, Қазақ поэзиясы тұлғаларының туын желбіретіп, 21 ғасырда өзіндік ерекшіліктерімен ойып тұрып орын алатын Жүсіпбек, Жорабек, Сәрсен, Маралтай, қоғам қайраткері Әміржан ағаларымыз өткізді.
    Тұсау кесер алдында Мыңбай атамыз «Шығармаларың шалқи берсін, өмірлерің балқи берсін» деген ыстық ықыласқа толы батасын берді. Бүгінгі кештің тақырыбының өзі «Өзімізше отырайық» болғандықтан, ресми тілден ауытқып, ендігі кезекте Ершат ағамыз гитарамен Қадібек Құрманәлінің «Сәлеметсіз бе», «Бірбидай арпа» халық әнін, Еркін ағамыз домбырада Біржан салдың «Жан бөпем», «Ақ қайың», Мақсат ағымыз баянмен «Ауылға барамын» әндерге құйқылжыта, көрерменді тебіренте, нақышына келтіре орындағанда, жүрегін дір еткізбеген жан болмады-ау, сірә! Менің жиында тағы да бір түйгенім, кез келген ақын-жазушы, өз қатарлы қаламгерлерінің шығармаларында өзге жазушыларға ұқсастығын іздей жүреді екен. Соның бірі, Жүсіпбек ағамыз өз сөзінде Дәурен Қуат ағамызды шығармашылығында «Жан дүниесінде жатқан қопарылыстарды оятып, заман жаназасын шығарып отырады» деген пікірімен Асқар Сүлейменовке ұқсатты. 20-21 ғасыр классигі Жанат Ахмадиев те «Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа  қайрайды» деп пікірін білдірді. Кеш соңында Бақыт Беделхан ағамыз біздің осы жиынға келіп, қатысып отырғанымызға риза болып, «Ауылдан келген қыз» тақырыбындағы өлеңді оқып берді. Бақыт ағамыздың әр сөзіне терең мән беріп, ауылымды сағынып, көзіме жас келгендей болды. Ең алдымен осындай тарихи айтулы оқиғаның куәсі болу мүмкіндігін берген Гүлжан Қажымұратқызына алғысымды білдіргім келеді. Бізді артынан ертіп, «барған жерімнен қалмаңдар» деген жиі айтатын сөздерінің мәнін енді ғана түсінгендей болдым. Біздің екінші анамыздай болып, рухани тәрбие алсын, 21 ғасыр әдебиетінің алыптарын көріп, өзіне үлгі етсін деп шырылдап жүргені үшін үлкен рахмет! «Дүниенің қорлығы –білімсіз адамның кітабын оқу, білімді адамның кітабын оқысаң өсесің» демекші айбыны күшті, беделі мықты, сөзі өткір де өтімді қаламгерлердің шығармашылығын қолдап, олармен сусындап өсу біздің міндетіміз. 

Толғанай Орынбасар
«Тұран» университетінің  1-курс студенті
11 желтоқсан 2018 ж. 13 374 20

Bagdat Kenzheyev от 11 желтоқсан 2018 21:27
Күшті әсер етеді!

Erlan от 11 желтоқсан 2018 21:32
 
Мхм, Гүлжан Қажымұратқызы таныс есiм...

Elnur от 11 желтоқсан 2018 21:34
Креативті ойлау дәрісi қандай сабақ?

Жакбота от 11 желтоқсан 2018 21:34
Креативті ойлау пәнінде шығармашылық туралы өтіле ме сонда?

Elya от 11 желтоқсан 2018 21:37
Студент болсаң да, ой-өрісің кең екен!

Sarybay Satzhanuly от 11 желтоқсан 2018 21:39
Оте ауқымды түрде тақырып, көптен бері Жазушылар Одағына жолым туспей жүр еді, мақаланы оқып, сонда болып қайтқандай отырмын.

Kurmangazy Olzhas от 11 желтоқсан 2018 21:40
Креативті ойлау деген дәріс өтiлетiн болған ба?

Serik от 11 желтоқсан 2018 21:41
sizben tolyqtai kelisemin!!!!!!!

Larisa от 11 желтоқсан 2018 21:45
Не понимаю ,почему на этом сайте одни казахские статьи ,это немного несправедливо по отношению к русскоязычному населению ,
мне эту статью прислала подруга ,она свободно говорит на казахском ,но я-то ничего не пойму ,а мне как раз таки интересно ,о чем же тут написано

Almagul от 11 желтоқсан 2018 21:48
Орфографиялық қателер кездеседі және қарапайым ғана жазылған...

Kairat Nurtas от 11 желтоқсан 2018 21:49
Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа қайрайды! Керемет айтылған

Marina от 11 желтоқсан 2018 21:50
Дәурен Қуат ағамыздың шығармашылығынан хабарым бар! 21 ғасырдың көшін бастап тұрған жазушылардың бірі деп айта аламын!

Лаура от 11 желтоқсан 2018 22:14
Жақсы жазылған дүние екен.Қаламың шыңдала берсін!

Береке от 11 желтоқсан 2018 22:48
Осы бір киелі ордаға ену бақыты маған да бұйырған екен.Ауырлығы табыттай, жеңілдігі көбіктей келетін екі жанрдағы кітаптың тұсауын бір мезетте кескенді де алғаш көруім болды. Әсерлі кештен алған-түйгенім өмірлік мақамыма да өзіндік септігін тигізді. Жас күнімізден керемет кештердің куәсі болуымызға баулыған Г.Х. Тулекова ұстазымызға алғыс білдіремін. 

Аяжан от 12 желтоқсан 2018 17:49
keremet!  wink kazirgi tanda kazak zhazushylaryn okityndar tym az goi! zhaksy bastama eken!

Raushan от 12 желтоқсан 2018 17:53
Zhraisyn Tolganai! Kalamyn shyndalabersyn! smiley kissing_heart heart_eyes

Aiym Maralkhan от 12 желтоқсан 2018 17:55
Жазушылар одағына өткендегі Бақыт Беделханның кітабының тұсаукесеріне барғанымыз туралы да жазбадың ба?Одан да керемет бір дүние шығар еді smiley

Azamat от 12 желтоқсан 2018 18:02
Алаш сыйлығының иегері, дарын сыйлығының иегері, Шабыт фестивалінің лауреаты, ен жиі сөз осы болдығой мұнсыз жазуға болмадыма flushed smirk grin sleeping smile

Томирис от 13 желтоқсан 2018 11:28
Azamat, сенимен келисемин, бирак енди ол кисилердин жеткен жетистиктери гой, оны жазган дурыс сиякты))) 

Merim Bis от 13 желтоқсан 2018 11:30
Туф, шіркін - ай! Менің де баруым керек еді, бекер қалыппын!