№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Қарымды қаламгер


Өлеңді өмір деп білген, өмірін өлеңмен өрген, көрместі көрген, сезіммен берген, жүрегін жырмен жарыстырған, ел мен жерді табыстырған деп есімін әлеуметке әдемі жыр жолдарымен таныстырған жүргізушінің жүрек сөзі мына кештің өн бойына ерекше екпін, ерекше шырай таратты. Бұл кештің негізгі кейіпкері – ақын, жазушы Файзулла Сахиев ағамыз шынында да осындай жан. Үлкен істерді үндемей жүріп тындыратын, кішілігінен танбайтын – ол әлі күнге дейін қоғамның мәдени саласынан қол үзбей, келешек тәрбиесіне таудай үлес қосып жүр.
Аудандық балалар кітап­ханасы ұйымдастыруымен өткен «Қаламы қарымды қаламгер» атты кешке ақын ағаның замандастары Жақсыгүл Бегманова, Уәли Ибрагимов қатысса, рухани інісі Әбсұлтан Байкенжеев жырдан шашу шашып, шәкірті, жас ақын Ерсұлтан Мұстафаев өзінің арнауын арнады.
Ақын – ағамен кездесу кешіне келген аудан орталығындағы №163 мектептің 8 сынып оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Сынып жетекшісі Ақжарқын Бабажанова сөз алып, көркемдік қуаты мол туындыларымен ұрпақ жүрегіне жол салып келе жатқан жазушы ағаға алғаусыз тілегін арнады. Өзінің немересі Жасмин Бақытжанқызы ата­сының сөзіне жазылған Зөре Адасханованың «Астана» деген әнін орындап берді.
Ақын, Қазақстан Журналистер және халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Файзулла Сахиевтың бүгінге дейін «Қосүйеңкінің бәйтерегі», «Өмір – өзен», «Арман жылғасы» атты кітаптары жарық көрді. Оның осындай төлтуындыларынан өзге аудан тарихын жинақтап жазған «Келешегі кемел аудан» кітабы жұртшылықтың игілігінде.
Қарымды қаламгердің 70 жылдық мерейтойына байланысты өткен оқырмандармен кездесу кешінде сөз алған кітапхана библиографы Сурая Аманова жазушы кітаптарының электронды кітаптар базасында жоғары сұраысқа ие екенін мақтанышпен жеткізді. Балалар кітапханашысы Жәмила Тайым­бетова ақынның жас­­өс­­пірім­дерге ар­налған шығар­маларына шолу жасады.
Кешті қорытындылаған балалар кітапханасы меңгерушісі Мейрамкүл Айымтаева ұжым атынан қадірлі қаламгерге сый-сияпат тарту етті. Жазушы аға өзінің соңғы жарық көрген «Сыр толқыны» кітабын оқырмандарға табыс­тады.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 568 0