№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЙҚЫН АЙРЫҚША КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРҒАЛЫ ЖАТЫР

АЙҚЫН АЙРЫҚША КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРҒАЛЫ ЖАТЫР


Әнші Айқын Төлепберген әрбір концертіне ерекше дайындалады. Көрерменін жалықтырып алмайын дейтін әнші бүгінде жаңа концертіне би қимылдарын пысықтап жатыр. Қызу дайындықты бір ай бұрын бастап кеткен.

Лед экранның жарығы, барлығы бір open air сияқты өтеді, деп хабарлайды31 арна.
«Добрая утро», «Жалғыз сен», «Пах-пах», «Алтыным менің», «Өмірімде Айқын», «Туған жерім». Көп әндер шырқалады. Бізбен бірге ән шырқайды деген ойдамын”, – дейді әнші.
Айқынның бұл кеші ерекше өтпек. Себебі, хит әншінің концерті әдеттегідей Республика сарайының ішінде емес, сыртында. Яғни Абай алаңында ұйымдастырылмақ.
“Ерекшелік болады. Біріншіден жанды дауыста өтеді. Ол қазір Қазақстанда ерекшелік деп есептеледі. Екіншіден би қойылып жатыр. Лед, жарық барлығы ерекше жасалған.Ледті арнайы жасаттық. Контент істеттік. Ледтің жарығы, барлығы бір open air сияқты өтеді. Үлкен концерт болып. Қызықты болады деген ойдамын”, – дейді әнші.
Айқын концертінде хит әндерімен қатар жаңа әндерінің де тұсауын кеседі. Жаңа әндерінің ішінде «Ойламауға бола ма?»,«Күндер өтуде» сынды 5-6 ән бар. Әншінің сахнада өнер көрсетіп жүргеніне биыл 15 жыл. Атаулы дата 31 арнаның 25 жылдығына тұспа-тұс келгендіктен отбасылық арна Айқынның кешін ұйымдастырып жатыр. Концерт тегін.
28 сәуір 2018 ж. 1 309 0