№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорған ауданындағы шаруашылықтар күннен қуат алады

Жаңақорған ауданындағы шаруашылықтар күннен қуат алады

    Бүгінде әлем елдері баламалы энергия көздерін пайдалануды жолға қоюда. қолға ала бастады. Әсіресе, күн энергиясына бетбұрыс байқалады. Тіпті, күн энергиясы 2050 жылға дейін дүние жүзінің жартысын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Сондықтан, энергетикалық тапшылыққа алаңдайтын жаһан жұрты осы салаға баса мән беруде. Ал, біздің елде де күннен энергия өндіру көлемі артып келеді. Мәселен, Жаңақорған ауданындағы шаруашылықтарда күннен қуат алып, энергия өндіретін панельдер кебеюде. Соның бірі байгенжелік Ербол Өскенбай басқаратын «Байгенже-1» шаруа қожалығы. Күн энергиясын игілігіне айналдырған қожалықтың жобасымен танысып қайттық.
   Алдымен, әлем елдеріндегі жас­ыл энергияның барысына тоқ­талсақ. Қазіргі таңда Қытайдан кейін орналасқан Жапонияда өндірілетін күн энергиясының мөлшері 500 000 кв-қа жуықтаған. Бұл Еуропа мен Америкадан екі есеге көп. Күн­шығыс елінде өндірілген күн энергиясының 90 пайызы тұрғын үйлерде пайдаланылады. Әрі, жапон­дар энергетика саласында да табиғатқа зиян тигізбеуді жан-жақты ойластырған. Ал, немістер 2014 жылы күн қондырғыларынан өндірілген қуаттың тұтынылған мәнге қатысты кезекті рекордының орнатылуын атап өтті. Фраунгофер қоғамы Күн энергиясы жүйелері институтының өкілдері 9 маусымда бір күнде 23,1 гВт күн электр энергиясы өндірілгендігін ресми түрде тіркеген.
Ал, Қазақстанда 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 54,7 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді деген ресми деректер бар. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 51,5 млрд. кВт/сағ тұтынылған. Жаңартылатын энергия көздерінің құрылысына инвесторларды тарту арқылы Қазақстанда баламалы энергия көз­дерінен алынған электрдің тіркелген тарифтері әлдеқайда төмен­детілгенін алға тартып отыр.
Біз бағыт алған шаруашылық Байгенжеден бес шақырым жер­де орналасқан. Шаруашылық күн энергиясынан қуат алатын қон­дырғыны мемлекеттік қолдау аясында орнатқан. 6 күн батареясынан жи­налған баламалы энергия қосым­ша орнатылған 6 қуат жинағыш құрылғыға жиналады. Сол арқылы қуат көзін пайдаланады.
– 22 жылдан астам уақыт мал шаруасымен айналысып келеміз. Оның ішінде ірі қараны өсіру, асыл­дандыруды жүйелі жолға қойдық. Бүгінде 300-ден аса сиырды бағып-қағып, келешекте ет бағытында өнім алуды жоспарлап отырмыз. Заман ағымына бейімделуді көз­­деп, мемлекет тарапынан бөлін­ген субсидияға заманауи техно­логияларды сатып алдық. Яғни, 6 дана күн энергиясы панельдері мен қосымша құрылғыларын пайдаланып отырмыз. Бір сөзбен айтқанда, тиімділігін көріп келеміз, – деді шаруашылық төрағасы.
Тиімділігі сол бүгінде үш бөлмелі үйдегі теледидар, мұздатқыш, есік алдындағы екі құдық және өзге де тоқ көзін қажет ететін заттар құрылғылар арқылы жарықтандырылуда. Одан бөлек шаруа игілігінде мал таңба­лайтын, жем-шөп дайындайтын құ­ралдар бар. Кәсіптің көзін тапқан шаруа өзін ғана емес, қатарында 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Мал баққанға бітеді» демекші, Сағат сиыршы ірі қараны бағу үшін барлық жағдай жасалу керек дейді.
Айта кететіні, біз осыған дейін күн энергиясынан қуат алатын батареяны пайдаланып отырған Қыраш ауылын­дағы Тоқтамыс атрабында қоныс­танған Жалбызбай Итаяқов, жайылмалық Қайрат Мұсатаевтың жұмысымен танысқан болатынбыз. Енді, байгенжелік шаруаның байыпты қадамына қанық болдық. Құдық маторынан бастап, үйге қажетті жарықтандыру жұмысының барлығын қамтамасыз етіп отырған қожалықтың ісі көпке үлгі.
«Жасыл» көздерден болған электр өндірісін пайдаланып отырған жанның қатарында кентте тұратын Сайра Зиятова да та бар. Бұл отбасыда күн энергиясынан қуат алатын құрылғының қолданысқа енгеніне де бірнеше жыл болған. Небәрі бір панель данасын ғана алған тұрғын үй ауласына орнатып, тәжірибе жүзінде радиоға қосып, жарық сөнген уақытта үй жағдайына пайдаланады екен. Егер тиімділігін көрсе келер жылы оның санын көбейтуді мақсат тұтуда.

   ТҮЙІН. Елбасы әрбір Жол­дауында жаңа дәуірге нық қадам басуды көздеп, озық отыздыққа ену жоспарлады. Яғни, төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басуды көздеген өзге елдермен терезе теңестіріп, бәсекеге қабылетті болуды мақсат тұтты. Сондықтан, баламалы қуат көзін мейлінше ел экномикасына енгізу бүгінгінің та­лабы екенін түсінгеніміз абзал.

Әли ТЕМІРБЕК.
24 қараша 2018 ж. 1 259 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 04:39
Metronidazole Czech Republic Acticin Scabisan Scabies Cialis Side Effects viagra vs cialis Isotretinoin Shop Cheap Retin A

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 08:23
Comprar Cialis Marca http://kamagpills.com Discount Erectile Dysfunction Drugs No Prescription Lasix Online