№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫТАЙ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ ӨНДІРУДЕН КӨШБАСШЫ. ҚАЗАҚСТАН ШЕ?

ҚЫТАЙ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ ӨНДІРУДЕН КӨШБАСШЫ. ҚАЗАҚСТАН ШЕ?


Bernreuter Research неміс аналитикалық агенттігінің зерттеуінше, бүгінде күн электр энергиясын өндіру көлемі артқан. Жасыл энергияның бұл түрін өндіруден Қытау көшбасшы. Яғни, 52 ГВт өндіреді. Бұл – әлемдегі энергия көзінің 60 пайызын құрайды. Екінші орында, АҚШ 12,5 ГВт тұр. Үшінші орында, Үндістан (9 ГВт) тұрақтаған. Одан кейінгі орындарды Жапония (5,8 ГВт), Германия (2,2 ГВт) және Бразилия (1,3 ГВт) жалғайды. Бұл туралы zhanaqorgan-tynysy.kz интернет-газеті PV Magazine сілтеме жасап хабарлайды.

Әрине, бұл тізімде "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде жасыл энергияны негізгі тақырып етіп алып, баламалы энергияны өндіруді насихаттаған Қазақстан жоқ. Informburo.kz ақпарат көзі Қазақстанхалқы тұтынатын электр энергиясының 0,2 пайызы ғанабаламалы энергиякөзінен өндірітінін жазыпты. Ал, "Егемен Қазақстан" газеті Қазақстандабаламалы энергиякөздерінің үлесі 2020 жылы 3 пайызға, 2030 жылы 10 пайызға, 2050 жылы 50 пайызға дейін жететінін баяндайды.
Lappeenranta Technology University (Финляндия) ғалымдарының жаңа зерттеулерінше, 2050 жылға қарай барлық елдер жаңартылатын энергия көздеріне ауысады. Қазірдің өзінде технологиялық тұрғыдан мүмкін екені анық, екінші жағынан экономикалық тұрғыдан тиімді. Әрі экологиялық тепе-теңдікті сақтауда қолайлы.
Мамандардың зерттеуінше, Сыр өңірінде  жылына 300-ден аса ашық, бұлтсыз күн болады. Аймақ географиялық жағынан да желді белдеуде орналасуыменде баламалы энергияны өндіруге тиімді саналады.
Бүгінде Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС-ның қуаттылығы 12 МВт-тық электр кешені жұмыс жасауда. Кешеннің ерекшелігі күкірт қышқылын өндіру барысында пайда болатын будан электр энергиясын шығарады.
Сондай-ақ, келешекте жел мен күннен электр энергиясын өндіру үшін Шалқия мен Жайылма елді мекені арасындағы Жанбай төңірегі таңдалып отыр. Онда желден 75 мВт, күннен 24,94 мВт электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр.
Айта кетені, Жаңақорған ауданында шаруа қожалықтар баламалы энергия көздерін шаруашылықтарын дамытуға икемдеуде. Мәселен, Жайылма елді мекеніндегі «Ақбота-2» шаруа қожалығының төрағасы Қайрат Мұсатаев күн энергиясынан қуат алатын қондырғы орнатқан. Төрт түлікті түлетіп жүрген азамат осылайша жаңа технологияға мән беріп, қажетіне жаратуда.
Осындай игілікке Қыраш ауылында тұратын Жалбызбай Итаяқов та қол жеткізіп отыр. Бүгінде ол баламалы қуат көзінен алатын энергия арқылы үлкен аумақты жасыл баққа айналдырған.
Төменарық ауылдық округіндегі «Самат» шаруа қожалығының төрағасы Сабыр Ергешбаевта күн панельдері арқылы жарық алып отыр.
Нұр-КЕНЖЕ.
04 қараша 2018 ж. 1 804 0