№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ»: ЖАЙЫЛМАЛЫҚ ШОПАННЫҢ ҚАРЕКЕТІ

«ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ»: ЖАЙЫЛМАЛЫҚ ШОПАННЫҢ ҚАРЕКЕТІ


Адамзат баласын алаңдатқан мәселенің бірі – энергетикалық тапшылық. Уақыт өткен сайын қарқынды дамыған экономика үшін энергия өндіру сұранысы күн санап артуда. Содан болса керек, әлем елдері баламалы қуат көзін жандандыру – тығырықтан шығар жол деп біледі. Яғни, «жасыл энергияға» қадам басу. Әрине, елімізде балама қуат көздері бойынша мүмкіндік мол. Шетелдік зерттеу орталықтарының мәліметіне сүйенсек, Қазақ елінің гидроэнергия, жер және күн энергиясы кіретін ресурстық әлеуеті 1 триллион кВт/сағат мөлшерінде екен. Десе де, осындай мүмкіндікті пайдаланудың пайызы аз.
Жасыратыны жоқ, жазиралы Жаңақорған жері баламалы қуат көзін өндіруге таптырмас мекен. Әуелгіде шығын шығарып, кейін сарқылмас қуат көзін игілігіңе пайдалануға болады. Міне, осындай заман талабына сай жұмыс жасап, төрт түлігін түлетіп отырған шаруаның бірі – жайылмалық «Ақбота-2» шаруа қожалығының төрағасы Қайрат Мұсатаев. Ол – осыдан бір ай бұрын Жайылма ауылындағы «Ескі тоған» жайлауына күн энергиясынан қуат алатын қондырғы орнатты. Бүгінде қойшы ауылдағы төрт бөлмелі тұрғын үйі мен теледидар, мұздатқышты жарықпен қамтамасыз етіп отыр. 8 бірдей күн батареясынан жиналған баламалы энергия қосымша орнатылған 6 қуат жинағыш құрылғыға жиналады. Сол арқылы қуат көзін пайдаланады. «Мал бағу да оңай шаруа емес» деген Қайрат Мұсатаевтың інісі Талғат қарбалас шаруадан қол босағанда «Тефальге» шәй қойып ішетінін жеткізді. Кәсіптің көзін тапқан шаруа өзін ғана емес, қатарында 6 адамды жұмыспен қамтып отыр.
– «Мал баққанға бітеді» демекші, төрт түлікті өрісте жайып, шаруашылыққа айналдырғанымызға жиырма жылдан асты. Әсіресе, түйе шаруашылығына ден қойып, қымыран өндірісін жолға қойдық. Ендігі кезекте, заман ағымына ілесіп, заманауи технологияларды ауылға икемдеп, баламалы қуат көзін пайдаланудамыз. Жақында ғана жеке қаржыға 8 дана күн энергиясы панельдері мен қосымша құрылғыларын сатып алдым. Қызылорда қаласынан арнайы мамандар келіп, орнатып кетті. Шүкір, алыстағы қойшы ауылға таптырмас технология екен, – дейді Қайрат Мұсатаев.
Айта кету керек, ауданда алғаш болып, күн энергиясынан қуат алатын батареяны Қыраш ауылындағы Тоқтамыс атрабында төрт түлігін өрістетіп отырған Жалбызбай Итаяқов орнатқан болатын. Бүгінде ол баламалы қуат көзінен алынған энергиямен атшаптырым аумақты жасыл баққа айналдырып үлгерген. Құдық маторынан бастап, үйге қажетті жарықтандыру жұмысының барлығын қамтамасыз етіп отырған қожалықтың ісі көпке үлгі.
Түйін орнына тұздық болсын. Негізі, сала сарапшыларының пікірінше, «жасыл» экономиканы дамыту пайдалы қазбалардың сарқылуы мен су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелділікті төмендетеді. Әрі жасыл экономиканың стратегиясы табиғи технологиялардың дамуына инвестиция тартып, ел әлеуетінің артуына сеп болады. Бүгінде республикада бірқатар «жасыл энергия» қуатын өндіретін инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Алайда саусақпен санарлық. Бұл бағытта да яғни, индустриялды-инновациялық даму перспективасы бойынша Жаңақорғанда да жарқын жобалар жүзеге асырылады деп күтілуде. Алдағы жылдары ауданда индус­триялды-иннова­циялық дамудың екінші бес жылдығында бірнеше инвестициялық жобалардың іске асуы жоспарлануда. Мәселен, «Южшахтострой» ЖШС-нің қуаты 75 мвт жел электр станциясы, «Жаңақорғанэнерджи» ЖШС-нің қуаты 50 мвт күн электр станциясы. Және де «Global Enerjy Company» ЖШС-нің Шалқия және Жайылма елді мекендерінің аралығындағы Жанбай өңірінде салынатын қуаты 24,94 МВт жел-күн электрстанциясы инновациялық жобаларының бастамашыларымен нақтылау жұмыстары жүргізілуде екен. Әрине, мұның бәрі келешектің еншісінде. Әзірге қолда бар дүниемен қарекет жасап отырған жайылмалық, қыраштық, төменарықтық қожалықтардың қарқынды ісі қуанарлық.
Бір сөзбен айтқанда, дамыған елдердің ізінен келе жатқан Қазақ елі жаһандық трендтен қалмауды көздейді. Өйткені, қазіргі таңда көмірсутек экономикасы бірте-бір түгесіліп, төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басуда жаһан жұрты. Елбасының жыл сайынғы Жолдауының өзегі де төртінші индустриялық өзгеріске қамданудың тетіктері нақтыланған. Жаңа технологияларды барынша ілгерілету – бүгінгі бәсекенің басты талабы. Яғни, баламалы қуат көзі – тығырықтан шығар шуақ көзі.

Әбдісамат ӘБДІШ.
27 маусым 2018 ж. 1 014 2

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 22:45
Purchasing Isotretinoin cialis acheter pharmacie Amoxicillin Vs Ciprofloxacin

Гость Jeahulalf от 8 наурыз 2019 18:54
Cialis 20 Pilules cheapest cialis Commande Cytotec Cialis Jovenes