№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ?

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ?


Жаһанды мекендейтін жеті миллиард адам­ның күн­нен-күнге электр энергияға деген сұра­нысы артып келеді. Енді не істемек керек? Қазақстанның ұсынысы: «Жа
сыл энергия – Болашақтың энер­гиясы».
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында әлемде барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтып отырғанын айтып, 2050 жылға қарай оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 пайызына дейін өндіруге мүмкіндік беретініне тоқталған болатын. Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыппен өтетіні де Қазақстанға «жасыл даму» бағытында үлкен жауапкершілік артатыны белгілі.
Осы бағытта жаңартылатын энергия көздерінен электр энергияны өндіруді қолға алынуда. Яғни, өз-өзінен жаңарып тұратын, желден, суден, күннен алынатын табиғаттың таза энергиясы.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мәліметіне сүйенсек, алдағы жылдары, индустриялы-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында жел-күн электр станциясы бой көтереді.
Біріншісі. «Жаңақорғанэнерджи» ЖШС-нің қуаты 50 мвт күн электр станциясы. Бүгінде жобаны іске асытын жері белгілі.
Екіншісі. «BAS ENERGY» ЖШС-нің қуаты 50 МВт күн электр станциясы.
Үшіншісі. «Global Enerjy Company»ЖШС-ң Шалқия және Жайылма елді мекендерінің аралығындағы Жанбай өңірінде салынатын қуаты 24,94 МВт  жел-күн электр станциясы.
Төртіншісі. «Южшахтострой» ЖШС-нің қуаты 75 мвт жел электр станциясы.
Баламалы энергия көздері алынатын нысандар инновациялық жобалар санатында іске асады.

КҮН ЭНЕРГИЯСЫ – БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ

 Дара кәсіпкер Кенесбек Итаяқов «Тоқтамыстағы» (Қыраш ауылынан 12 км. Қашықтықта), шаруашылығын одан ары дамыту мақсатында батыл қадам жасады. Ол инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін күн сәулесінен энергия қуатын алатын қондырғыны сатып алуға өтінім береді. Заңға сауатты азамат құжаттарды тыңғылықты дайындап, республикалық бюджеттен 2937,0 мың теңге қаржы күннен электр энергиясын өндіретін қондырғы орнатын, шаруашылыққа қажетті энергияны алып отыр.  
Кенесбек Жалбызбайұлы: «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарлама аясында жеке ісін кеңейту мақсатында 2500,0 мың теңге көлемінде шағын несие алдым. Қаржыға 11 бас жылқы, 6 бас ірі қара мал алып, көбейте бастадым. Қазіргі таңда ірі қара малы 10 басқа көбейіп, қосымша бір жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар «Тоқтамыстағы» шаруашылықты өркендету электр энергиясыз мүмкін емес. Бүгінде күннен қуат алатын қондырғы қажетке жарап тұр», – деді.
– Иә, энергетика – елдің экономикалық қуатын анықтайтын басты фактор. Яғни, ХХІ ғасырда дамуды көздеген ел жасыл энергетикаға көшетіні хақ. Сондықтан «EXPO 2017» тақырыбы жаңартылатын энергия көздеріне арналып отыр. Жалпы, күн энергия – болашақ энергиясы. Себебі күн сарқылмайтын энергия көзі, – деді көзі ашық кәсіпкер.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылға қарай әлемдік энергетиякалық теңгерімдегі энергияның жаңғыртылатын көздерінің үлесі 10 пайызға, ал, 2050 жылыға қарай 50 пайызға жетеді.
МЕКТЕПТІҢ ТЫҢ ИДЕЯСЫ
Жас өнертапқыштардың баламалы энергия өндіру саласындағы еңбегі құптарлық. Сондай өнертапқыш жастардың бірі №162 мектептің оқушысы Д.Мұятов, Қ.Кенже және Р.Ақбай.
– Елбасының энергияны  үнемдеу мәселесіне айрықша ден қойып жүргені тегін емес. «Бардан да, жоқтан да үнемде» деген болатын. Сондықтан электр қуатын үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру – мемлекеттік үдемелі индустриялық –инновациялық  даму бағдарламасының  негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін электр қуатын үнемдеу бойынша салалық бағдарлама жасалынған. Осы бағдарламаға сәйкес елде өнеркәсіптік өндіріс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың электр сыйымдылығы жылдам төмендетілуі тиіс. Яғни, электр үнемдегіш технологияларды қолдану және мөлшерден тыс жоғалуларды қысқарта отырып  электр қуатын ұтымды пайдалану керек. Соның ішінде айналмалы есіктен электр энергиясын алу тиімді болып отыр. Себебі, мұндай есіктер тұрғыны көп қала орталығында көптеп кездеседі. Осылай энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады, – деді жоба жетекшісі Көркем Жайыл.
Бүгінгі мақалаға арқау болған тұрмыстық энергия дамытудың бір тәсілі айналмалы есіктен тоқ көзін алу. Бұл қарапайым әдіс болып көрінуі мүмкін, алайда түсіне алғанға тамаша ой салары хақ.
Ал, осы бағытта өнертапқыштардың өз ұсынысы бар.
– Біздің ұсынып отырған жобамыз айналмалмы есіктен тоқ көзін өндіру. Алдымен, мектептің ауласына кіретін есік айналмалы етіп қойылады. Сол есіктің астына генератор орнату керек. Одан конденцаторға тоқ беріледі. Яғни, сол арқылы трансформаторға энергия келеді. Осыдан тұтынушы дайын тоқ көзін алуға мүмкіндігі болады. Оны орнату шығыны өте төмен. Мысалы, 700 оқушысы бар мектеп 5366 киловат электр энергиясын шығындайды екен. Яғни, 1 киловатт – 16,05 теңге болса, олар айына 86120 теңге төлейді.
Ал, біздің жобада есік күніне 350 рет айналады. Сонда бір сағатта төрт, ал, бір жарым сағатта алты киловатт тоқ күшін алу болады. Бір мекемеге үш айналмалы есік орнатқанда 3 генератор 18 киловатт тоқ береді. Сонда бір айлық жұмыс күнінде 468 киловат электр энергиясын өндіреді. Сол 468 киловатт 4680 лампочканы бір мезетте жарықтандыруға жетеді. Егер әр кабинетте 2 лампочка болса 2340 кабинет қамтамасыз етіледі деген сөз. 700 оқушысы бар білім ордасына тұтынатын электр энергиясының шығын көлемі 8,7 пайызға кемиді. Яғни, 78520 теңгені құрайды, – деді өнертапқыш оқушы Қалдарбек Кенже.
Нұрлат БАЙГЕНЖ,
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
26 қыркүйек 2018 ж. 2 156 0