№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕС ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС

БЕС ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС

Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебіне биыл – 5 жыл. Таңдаулы білім ордасы аз ғана уақытта республика бойынша көш бастап, зерделі ілім үйретуде аянбай қызмет етіп келеді. Бүгін «Сыр медиа» ЖШС басшылығы, серіктестікке қарасты облыстық, аудандық басылым редакторлары «СIS» халықаралық мектептер кеңесіне мүшелікке енген оқу ошағының тыныс-тіршілігімен танысты.

  Экскурсия барысында мектеп директоры Бақыт Жұматай әріптестерге оқу процесінің ерекшеліктерін көрсетті. Жемісті жетістіктердің аз еместігін атап өтіп, бүгінде оқушылардың көпсалалы ғылымның тереңіне бойлап, зерттеп-зерделеуге деген ынтасы жоғары екенін жеткізді.
– Қазіргі таңда мектепте 7-12 сыныптар аралығында 680 оқушы үш тілде тереңдетілген білім алуда. Барлығы ғылыми жұмыстармен айналысады, бірнеше рет аймақтық, республикалық олимпиадаларға қатысып, техникалық көрмелерден жүлдемен оралған. Мектепте қазақстандық, сондай-ақ Канада, Филиппин, Уганда, Кения және өзге елдерден келген 7 шетелдік маман жұмыс істейді. Біздің басты қағида – қабілетті жастардың әлемдік деңгейде шыңдалуына қолдау көрсету. Бұл орайда Ұлыбританияның ұлттық орталығы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme білім бағдарламасының General Certificate of Education A-Level деңгейіне сәйкестігін растауы үлкен мүмкіндіктерге жол ашқанын айту керек. Ол түлектердің  қазақстандық 10 беделді жоғары оқу орнына 2 курсқа, ал Германиядағы университеттерге университеталды дайындық курсына қатыспай-ақ оқуға қабылдануына көмек береді. Биыл 132 түлектің 100 пайызы жоғары оқу орындарына түсті. Әлемдегі 8 мемлекеттің білім гранттарын иеленіп, жоғары білім алуда, – деді Б.Жұматай. 
Байқағанымыздай, мұнда әрбір сабақ зертханалық жұмыспен жалғасын табады. Оқушылардың теория жүзінде алған білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік мол. Білім алушылар нанотехнология кабинетінде өрт сөндіру, криминалистика, медицина салаларына қатысты жасаған тәжірибелерін қызықтай алады. Ал, биотехнология кабинетінде ДНҚ  тізбегін анықтап, жасанды жолмен ұлпа өсіру жолдарын зерттеуге, түрлі микробиологиялық синтездерді, генетикалық және клеткалық инженерияны  қолдануға қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысуына болады. Сонымен қатар білім ошағы IT, робототехника саласын дамытуды жолға қойған. «Мұның барлығы бізге әмбебап өнердің тереңіне бойлап, болашақта  инновациялық технологияларды одан әрі игеруге септеседі», – дейді 12 сынып оқушысы Владимир Коряк. Естеріңізде болса, жас инноватор бұған дейін қаладағы автотұрақ мәселесін шешуге қатысты тың жоба ұсынып, көптің ықыласына бөленген еді. 
Бұл тұста көпшілік «НЗМ оқушылары оқудан бас көтермейді» деген ойда қалуы мүмкін. Мүлде олай емес. Ізденімпаз өрендер шығармашылықтан да кенде емес екен. Әдебиет пен өнерге жақын. Қолдарынан шыққан әсем бұйымдардан көз сүрінеді. Оларды ерекшелендіріп тұрған да осы белсенділіктері. Серіктестік басшылығы да оқушылардың бойындағы  білімге деген сүйіспеншілік пен еңбекке табандылыққа тәнті болды. Әрдайым тілекші екендіктерін жеткізіп, биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
М.СНАДИН, 
Суреттерді түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ.
22 қараша 2018 ж. 909 2

Гость Jeahulalf от 23 ақпан 2019 06:55
Kamagra Jelly 100 Mg Strasbourg Discount Cialis Online Propecia Leica cialis prices Discount Online Cialis Aciphex Generic Release Date

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 10:05
Propecia Ciao Cialis 10 Precio osu levitra comprar Prednisolone Tablets Online Non Prescription Viagra Reviews