Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ҰТЫМДЫ ТӘСІЛІ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ҰТЫМДЫ ТӘСІЛІ

  Жылдар бойы жиған-терген қаржысын қайтарымды жобаға бағыттауға ниетті қалталылар аз емес. Бірақ, нарықтық және әлеуметтік қарым-қатынастарды жан-жақты меңгерген HR-менеджерлер тапшы. Содан болар қайта өндеу, өндеу өндірісінің дамымай жатқаны. Осы ретте, кәсіпкерлерге тың жобаларды көрсетіп, ісін дамытуда тың қадамдар жасауға аудан басшысы Ғалым Әміреев түрткі болуда.
   Жыл басында сала басшыларын, ауылдық округ әкімдерін және кәсіпкерлерді Шиелі ауданына бастап барып, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында салынған нысандармен танысты. Жобаның артықшылықтарын білді. Табыстың көзі екенін сезінді. Нәтижесінде, ауданда бірнеше нысан бой көтере бастады. Жақында Қызылорда қаласында әріптестік жобасы аясында салынған әлеуметтік маңызды нысандардың жұмысын көру мақсатында аудан әкімі делегацияны бастап барды.




  Онда «Alexey Sultan-Akhmet» кли­ни­ка­сы, «Тарлан» денешынықтыру-сауық­тыру кешенін көрді. Сондай-ақ, Кә­сіп­кер­лер үйінде болды.
– Кәсіпкерлік сектордың дамуына әсер ететін ауқымды бағыттың бірі – мем­ле­кеттік-жекеменшік әріптестік. Бұл мем­­лекеттік және жеке меншік сек­тордың қоғам игілігі үшін атқарылатын жұмыс­тарда ынтымақтастық орнату ар­­қылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт бүгінгі нарықтық қоғамға қалай енді, ерекшелігі мен тиімділігі қандай? Осыны жаңақорғандық іскер азаматтарға түсін­діріп, ауданда тың бастамаларға жол ашсақ дейміз, – дейді делегация бас­шысы Ғалым Махмұтбайұлы.
Делегация құрамында барған аудан­дық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Рүстем Ибрагим сапардан кейін елді мекендерде қозғалыс басталғанын айтты.
– Жаңақорғандық кәсіпкерлер Қызыл­орда қаласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы салынған заманауи нысандарды көрді. Әрі әлеуметтік салаға инвестиция құю арқылы табыс табуға болатынын түсінді. Бұл – кәсіпкерлердің белсенділігі артуына септігін тигізді. Қазір жекеменшік мектеп, медициналық клиника және т.б. ашуға ниет таныт­қандар көбейді. Әрине, жобалар қолдау тауып, іске асып жатса, қызмет көрсету сапасы арта түсетіні белгілі, – дейді Рүстем Рәбілұлы.
Жалпы, бюджеттің қарымы жете бер­мейтін, әсіресе, маңызы зор әлеуметтік жобаларға жеке бизнесті тарту қажеттігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа он­жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақс­­танның жаңа мүмкіндігі» атты Жолдауында атады.
Жалпы, мемлекеттік-жекеменшік се­рік­­­­тестік идеясының заманауи түсіні­гі, қайта жаңғыруы ХХ ғасырдың 80-жылдарында Ұлыбританияда туын­да­­ды. Британиялық ғалым Стивен Хокинг Линдер «ХХ ғасырдың 80 жылдардың соңындағы серпін мен қажетті реформалық дәреже алғанына қарамастан, мемлекеттік-жекеменшік әріп­­­тестік билік үшін жаңашылдық емес. Он жылдан астам уақыт бұрын Америка Құрама Штаттарында федералдық үкі­метте мұндай әріптестік ешқандай сал­танатсыз, реформалық мөрсіз-ақ, қа­ла инфрақұрылымын дамытуда жеке инвес­тицияны ынталандыру құралы ре­тінде қолданылды» деп пікір білдірген.
Расында, АҚШ-та мемлекетпен жеке тұлғалардың іскерлік байланысы ХVІІ ғасырда қалыптаса бастады. Яғни, тас жолдар мен магистральдарды салуға жә­не т.б маңызды бағыттарға жекеменшік серторды тартады. 1950-жылдары әлеу­меттік нысандарды қаржыландыру қол­ға алынса, 1960-жылдары қаланы модер­низациялау мен қайта құруда жекеменшік кәсіпорындар қатысып, байланыс нығая түсті. АҚШ-та осылайша мемлекеттің эко­номикалық жекеменшік секторлар негіз­гі рөл атқара бастады.
Мұндай үрдіс Қазақстанда да қол­даныла бастады. Мемлекет басшысы кә­сіп­керлермен кездесуінде: Күрделі уа­­қытта кәсіптеріңізді жандандырып, аяқ­тарыңызға тұруға көмектестік, қолдау көрсеттік, экономиканы қарышты да­мы­туға атсалысуларыңыз орынды дегені есімізде.
– Әріптестік аясында Асылхан Шайы­қов Жаңақорған кентінде, Әсемкүл Ермаханова Сүттіқұдық ауылдық окру­гінде денешынықтыру-сауықтыру кеше­нін ашады. Сондай-ақ, Марат Ман­таев Әбдіғаппарда, Бақыт Берділлаев Бірлікте, Болат Балғабаев Жаңақорған кентінде денешынықтыру-сауықтыру ке­шенінің құрылысын жүргізуде. Өзгент ауылындағы 150 орындық клубтың құ­рылысы да мемлекеттік-жекеменшік се­рік­тестік негізінде жүзеге асады. Медицина саласы бойынша Бірлік және Өзгент ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория да жоба арқылы салынады, – дейді аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметғали Қасқабаев.
Бүгінде Бразилия, Испания, Италия, Мексика, Англия, Жапония және Франция мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік аясында бизнесті қолдап, мем­лекеттік қазынаны үнемдеудің жолын тапқан. Қазақстанда да ұтымды әрі тиімді тәсілдерді игеру қолға алына бастады...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
13 қараша 2018 ж. 1 028 0