№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОЛДАУ АЯСЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР

ЖОЛДАУ АЯСЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР


       

Тәуелсіз Қазақстан өзінің ширек ғасырлық даму кезеңінде жарқын жетістіктерге жетіп, ерен еңбектің үлгісін көрсете білді. Қай саланы алсаңызда даму динамикасы жоғары деңгейде. Ендігі кезекте Елбасы еліміз 2050 жылға қарай әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қосылуды меже етіп отыр. Осы тұста,Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ әліпбиін біртіндеп латынға көшіру жөнінде айтқан болатын. Жаңағарған әліпбиді қоғам жақсы қабылдады. Өйткені, латын графикасын қабылдау арқылы біздің әлем елдері алдындағы түсіністігіміз арта түсері сөзсіз. Әрі түркі халықтарының ортақ түсінісетін жазуы болары айқын. Латын қарпінің ішкі қажеттілігін ауыл-аймақтағы жастар қауымына түсіндірмек мақсатта «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құралған насихат тобы Кейден, Өзгент, Ақүйік, Бесарық, Төменарық ауылдық округінде кездесулер өткізді.
Өз кезегінде көпшілік алдында орталық директоры Әкімбек Әлібек латын қарпіне көшу – уақыт талабы екенін тілге тиек етті.
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілгендігі – ел болашағына бей-жай қарамайтын барша қазақстандықтарды қуантқаны шындық. Алдыңғы нұсқадағы апострофқа назар аударар болсақ, ол арнайы белгі ретінде қарастырылды. Яғни, ол барлығын бөліп тұратын. Ал, жаңа нұсқадағы әліпби интернеттегі іздеу және қаржы қызметінде қиындық тудырмайтынына көзіміз жетті. Қазақстанның білім саласындағы орта және жоғары мектепте оқитын оқушылар мен студент жастарға латын қарпіне негізделген әліпбиге көшудің қиындығы болмауын ескерсек, әліпбиді үйрену мәселесінің де оңтайлы шешім табатынына сенім мол. Бүгінгідей ақпараттық технология қарыштап дамыған заманда латын әрпін енгізу қиындық туғызбайды деген ойдамын. Қайта латынға көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік, – деді орталық директоры.
Сондай-ақ келелі кездесулер барысында жастар қауымы да өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, латын әліпбиіне көшуді қолдайтындықтарын жеткізді. Міне, сондай жастың бірі Ақүйік ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы Арай Исматова. Ол: «латын қарпіне көшу – көкжиегімізді кеңейте түседі» дейді.
–  Бүгінгідей ақпараттық технология қарыштап дамыған заманда латын әрпін енгізу қиындық туғызбайды деген ойдамын. Қазақ әліпбиінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: "Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін" деп қолға алып жатқан дүниенің бәрі біз үшін емес, бүгін-ертең балабақшаға баратын ұрпак үшін жасалып жаткан байыпты тірлік деп білейік. Бұл сындарлы шақтағы өзгерістерге үрке қарағаннан гөрі, жаңашылдық пен сана жаңғыруына сергектік танытқан абзал. Өйткені, бүгінгідей жаһандану заманына ұлттық жадымен ғана төтеп бере отырып, әлемдік өркениетке жол ашылады – деді Арай Исматова.
Иә, латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананың жаңғыруы. Жаңғыру жазудан басталса жаман болмаспыз. Ұлттық санамыз жаңғырып, құлдық санадан арылып, бұл идеяны қолдап, қуаттаудың уақыты әбден келді. Осыны ескерген аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Арман асуы» қоғамдық қоры ұйытқы болған түсіндірме жұмысы өз мәресіне жетті.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
05 маусым 2018 ж. 868 0