№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Меруерт» бөбекжай балабақшасы үздіктер қатарында

«Меруерт» бөбекжай балабақшасы үздіктер қатарында

    Қызылорда 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуды шешкен бірден-бір облыс. Енді балғындарға сапалы білім, тәлімді тәрбие беруді жүйелей түсу маңызды. Яғни, тілдерді меңгеруге басымдық беріп, заманауи дағдыларды үйреткен абзал. Осы орайда, «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» деген ұранды ұстанатын «Меруерт» бөбекжай балабақшасын үздіктер қатарына қосуға болады.


«Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген екі адам», «Тіл – достықтың алтын көпірі», «Сөз – кө­мек, тіл – құрал» деген мәйекті мәтелден-ақ қазақ халқының көп тілді меңгергеннің келешегі жарқын екенін ежелден айтып кеткенін аңғарамыз. Ата-бабаның ертеректе айтқан есті тәмсілі бүгінгінің шындығына айналып отыр. Осыны ескерген мемлекет көп тілді меңгеруді жолға қойды. Әсіресе, тілді бүлдіршін шақтан үйрену оңай болатынына мән берді. Бүгінде балабақшалардың барлығы ағылшын тілін үйретеді. Ондағы мақсат – баланы мектепке дайындап, ағылшын тілінен түсінік-танымын қалыптастыру. Осындай жауапкершілікті түсі­ніп, жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын «Меруерт» балабақшасы тіл үйрету бойынша ал­дыңғы орында. Онда балалар 3 жасынан бастап ағылшын тіліндегі сөздерді үйрене бастайды.
– Елбасы биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігіне тоқталып, «Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда», – деді. Осылайша, Мемле­кет басшысы тарапынан балабақшалар алды­на тың міндеттер жүктеді. Болашақта ел балабақшалары дамыған елдердікінен еш кем болмайтынына сенімдімін. Өйткені, бүгінгідей алға жылжу мен жаңа бастамалардың арқасында біздің биік белестерді бағындыратынымыз анық, – дейді балабақша басшысы Айзада Сақта­ғанова.
Иә, 45 жылдан аса тарихы бар балалар мекенінің негізі 1972 жылы №2 «Балдырған» мемлекеттік балабақшасы болып қаланған. Дегенмен, жиырма бес жылдан соң бөбекжай жекешеленеді. Бірақ, жауапкершілік жүгі кеміген емес. Ал, 2006 жылдан бері қарай «Меруерт» бөбекжай жеке балабақшасы болып өзгерді. Балалар мекенін 1993 жылдан бері Айзада Сақтағанова басқарып, оның жұмысын ұтымды ұйымдастырып келеді.
Сыйымдылығы 90 орындық балабақшада бүлдіршіндер төрт топқа бөлініп тәрбиеленуде. Олардың «Айналайын» және «Айгөлек» тобы ағылшын тілінен дәріс алады. Тәрбиешілер балаларға мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың үлгілік оқу бағдарламасымен білім беруде. Білім беру стандартына сай балаларға үш тілде сабақ өтіліп, тіл білудің пайдасы мен артықшылығы түсіндіріледі. Мәселен, ағылшын тілі сабағында суреттермен байланыстырылып сөздер, түстер мен сандар оқытылса, драма үйірмесінде «Қуыршақ», «Саусақ», «Көлеңке», «Үстел үсті» театры жұмыс жасап, тәрбиеленушілерге рөлдерді сомдап, оларға жақсы мен жаман кейіпкердің ара-жігін ажыратуды үйретеді.
– Мен бұл бөбекжайға жұмысқа орналасқаныма көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен, жас маман ретінде барынша бала­ларға ағылшын тілінен сапалы білім беруге тырысамын. Осыған дейін балаларға білікті ұстаз Лаура Шамшудинова сабақ берген. Жалпы, балабақша білікті мамандардың арқасында таңдаулылар қатарында деп ойлаймын, – дейді ағылшын тілінің ұстазы Арайлым Қуатқызы.
Жалпы, бөбекжайда баланың заманауи білім алып, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалған. Компьютер, шахмат, хареография, ән-күй үйірмелері тұрақты жұмыс жасайды. Балабақшаның тағы бір өзіндік ерекшелігі – жазғы бассейн. Бүлдіршіндер жаз айларында оның игілігін көріп, бойларын сер­гітеді. Сонымен қоса, балғындарға жолда жүру ережесін үйрететін алаңқай, ойын алаңы, спорт алаңы бар.
– Кез-келген адам бірнеше тілді меңгеру арқылы көптеген мүмкіндікке ие болады. Мына ақпараттық заманда көп тілді білгеннің ұтары мол. Бүгінде ағылшын тілін үйрену – заман талабы. Осыны ескерген балабақшалар бүлдіршіндерге ағылшын тілін бала шақтан үйретуді қолға алған. Себебі, бала күннен тілді естіп үйренген бала оған тез машықтанып, оны меңгеруі де оңайға түседі, – дейді Айзада Әбдірахманқызы.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
19 қараша 2018 ж. 1 855 0