№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр елінің жүрегі – Қызылорда

Сыр елінің жүрегі – Қызылорда

   Тұран төрінде тағылымды жолы қалыптасқан Қызылорда қаласына 200 жыл толды. Қамысқаладан Қызылордаға дейін талай оқиғаға куә болған шаһардың бүгіні берекелі, келешегі кемел. Яғни, өндірісі өркендеп, зәулім ғимараттар мен кешегі кезеңмен бүгінді сабақтастыратын ескерткіштерімен мақтана алады...
Тарихы кемел, тамыры терең сыр өңірінің бас шаһарының активі мен өнерпаздары аудан-ауданды аралап, рухани-мәдени байланысты тереңдетуді мұрат тұтыпты. «Жыр-әннің елі, Тұранның төрі – Қызылорда» атты мерекелік керуен соның айғағы.


   Шараға қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қатысып, көпшілікті мерейлі мере­кемен құттықтап:
«Биыл ерке Есіл мен сырлы Сырдың жағасына қоныс тепкен қос қаланың ай­тулы жылы. Арқаның төсіндегі бас қала 20 жылдығын тойласа, Тұран төріндегі шаһардың 200 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Өткен өмірден мән-мағына тауып, одан үлгі-өнеге алып, келешекке нық қадам жасау міндет. Тарлан тұлғаларды түлеткен, талай маңызды бастамалар мен тың жаңалықтардың жаршысы бола біл­ген Қызылорданың 200 жылдығы облыс тұрғындарын рухтандырғаны анық...
Топырағына қасиет қонған Жаңақор­ғанның халқына Сырдың бас шаһары – Қызылорда қаласының барша тұрғындары атынан ыстық сәлем жолдаймын. Мереке құтты болсын, – деді.
Сондай-ақ, салтанатты шараға об­лыс­­тық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, «Нұр Отан» партиясы облыс­тық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес, облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ысқақов, қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішұлы арнайы қатысып, мерекелік кештің куәсі болды.
«Мен Қы­зылорда қаласынанмын» атты прологпен шымылдығын ашқан шара ел жас­тарының келешектің нағыз патриоты екенін кө­рер­менге көрсете білді. Мерекелік шарада облыстың әлеуметтік экономикалық да­муына және қоғамдық-саяси өмірінің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға Қызылорда қаласының 200 жылдық мере­келік медалі табысталды. Олардың ішінде, аудан әкімі Ғалым Әміреев, об­лыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ойшыұлы, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ильясов, аудан әкімінің әйелдер ісі жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева, ауданның «Құрметті азаматы» Наятілла Қарақожаев, аудандық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов және т.б. болды. Жалпы, мерекелік медальды омырауына таққан ауданның зиялы аза­маттары, ауылдық округ әкімдері мен қоғамдық ұйым өкілдері марапат мінберінен көрінді.
– Баршамызға белгілі, Елбасының «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласының аясында көптеген рухани кештер өткізілуде. Соның бір дәлелі – бүгінгі салтанатты шара. Біз соңғы жылдары Қызылорданың қарқынды дамып, алға жылжуына куәгерміз. Бұл өңір басшысы Қырымбек Көшербаевтың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Осы орайда, ауданға арнайы келген қала әкімі Нұрлыбек Маш­бекұлы мен қала өнерпаздарына алғыс білдіремін, – деді аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы.
Одан әрі жанды жылытар сазды әуендер орындалып, ұлттық аспаптардың көмейінен төгілген қоңыр күй, қарыштаған әсем ән, қасиетті қара домбыраның құ­ла­ғында ойнаған күйшілер тартысы көрерменнің делебесін қоздырып, мың бұралған биші қыздар салтанаттың шы­райын ажарландырып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Тұрғындарға рухани байлық сыйлаған салтанатты кеш соңында қала әкімі мен аудан әкімінің «Ықылас гүлі» ұсынылып, сахна шымылдығы отшашумен шырайланды.

Айсұлу Алданазар.
19 қараша 2018 ж. 1 273 0