№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АСТАНА – БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БОЙТҰМАРЫ

АСТАНА – БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БОЙТҰМАРЫ


Биыл – Арқа төсіне орын тепкен әсем Астананың 20 жылдық мерей тойы. Тарих үшін қас қағым сәт болғанымен, аз ғана уақыт ішінде дәулеті тасып, сәулеті асқан сұлу шаһарға айналды. «Қос тойың қабат, екі дүниең абат болсын» демекші, биыл Қызылорда қаласына 200 жыл. «Сыр елі – Алаштың анасы». Бұл Елбасы берген баға. Сарыарқа мен Сыр елінің қос қуанышы – мың жылдық мерейтойларға ұлассын деген ниетте Есіл бойындағы Елорданың жүріп өткен тынысына тоқталмақпыз.
Иә, Астана – Президенттің төл перзентіндей болған идеялық еңбегі. Елбасы мен Елорда тұтас ұғым. Әрине, бабалар аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, іргемізді бекітіп жатқан тұста тыңнан осындай айбыны асқақ, келешегі кемел қала тұрғызу оңай шаруа болмағаны белгілі. Оны Мемлекет басшысының ойтолғауынан аңғаруға болады. «Халқымыз бұл бастаманың елдің болашақтағы тағдыры үшін қандай мәні барын бірден ұқты. Жас ды, жасамысы да ұлы көшке көлікті болсын айтты, тілек қосып қана қоймай жан-тәнімен қолдады. Ұлы көшке қосылды. Арқаның желіне қағылып, күніне тотығып, аязына тоңып жүріп, елдік ғимаратының қадасын қағысты, қабырғасын өрісті». Қанатты сөзден арқа атрабындағы ауа-райының қандай болғаны көз алдыңа келеді. Бұлда болса, қала тұрғызуға тосқауыл бола алмай, қазіргі күні көз сүйсініп, көңіл марқайтатын әсем де ажарлы шаһарға айналды. Әу-баста ерке Есілдің оң жағалауында орналасқан сол кездегі Ақмоланың 200 мыңдай ғана тұрғыны бар еді. Ал енді сол өткен шаққа көз жүгіртсек, бүгінде сән-сәулеті келіскен Астана таңғажайып қала атанды. Тұрғын саны да миллионнан асты. Оған қоса, елдің саяси және мәдени орталығы ғана емес, мемлекет экономикасының локомотивіне айналып отыр. Жиырма жылдың ішінде төрткүл дүние көз тіккен әлемдік және халықаралық форумдардың алаңына айналды. Жер-жаһанға Бас қаладан ақжолтай ақпарат тарап, мәртбесі мен мерейі одан әрі асқақтай түсті.

ЕЛОРДАНЫҢ ЕНДІГІ МЕЖЕСІ
Расында, Астана жиырма жыл ішінде ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің және спорттың маңызды орталығына айналып үлгерді. Мәселен, соңғы жылда Елорданың жалпы өңірлік өнімі 190 есеге өскен. Мемлекеттік бюджет түсімі 80 есеге артқан. Яғни, 1997 жылы 13 млрд. теңге болса. 2017 жылы трлн. теңгеге жеткен. Өткен жылы элорданың экономикасына 945 млрд теңге инвестиция тартылған. Астананың ендігі межесі – әлемдегі ең «ақылды» қалағаға айналуға. «Смарт сити» стандартын қалыптастырып, озық тәжірибені қолдану. Іргелі жобаны Астанада іске асыруды «Astana Innovations» компаниясы қолға алды. Кешенді жоба да: «Қауіпсіз қала», «Қалалық жедел басқару орталығы», «Интеллектуалдық байланыс орталығы», «Бейнебақылау жүйесі», «Қауіпсіз автобус», «Шұғыл байланыс терминалы» сынды бірнеше бағыт бар. Айта кету керек, биыл Елорданың 20 жылдығына арналған «20 нақты бастама» атты бағдарламада «ақылды қала» жобасына айрықша басымдық берілген.
Әлгінде айтқан «Смарт Астана» жобасын жасаушылар негізгі басымдықты «Қауіпсіз қала» мен «Интеллектуалдық көлік жүйесіне» бағыттауда. Қауіпсіздікті айрықша назарда ұстаған мамандар Елорданы тәулік бойы бақылауда ұстауға бекінді. Ол үшін шаһардың барлық бұрышына бейнекамера орнатады. Оған жаңадан құрылатын Жедел басқару орталығы жауапты болады. Яғни, қаланың қауіпсіздік жағдайына байланысты ақпараттар осы орталықтың дерек қорына түседі. Және де су құбыры, электр желісі мен инженерлік жүйелер туралы ақаулар Жеде басқару орталығында өңделіп, тиісті мекемелерге шұғыл жөнелтіледі. Сондай-ақ орталықтың тағы бір артықшылығы: онлайн-тәртіптегі бейнесараптаманың болуы, бейнежазбаны 30 тәулікке дейін сақтау, жолда жүру ережесінің бұзылуын қолма-қол тіркеу және тас жолда жүйіткіп бара жатқан автокөліктің жылдамдығын автоматты түрді анықтауға мүмкіндігі бар.
Иә, түйіндей айтқанда, өркендеу жолында өрісті қадамдарға жол көрсетіп, әлемге танылған Елорданың еңсесі биік. Бейбітшіліктің бойтұмарындай айбынды шаһарға айналған Астананың абыройы әлі де болса, биіктеп, мәртебесі шарықтай түсері кәміл.

Әбдісамат ӘБДІШ.
10 сәуір 2018 ж. 1 638 0