№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оқу-әдістемелік семинар өтті

Оқу-әдістемелік семинар өтті

Сунақата ауылы №194 жалпы орта мектебінде "ЖАҢАРТЫЛҒАН САБАҚ-ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУЛЫҚПЕН" облыстық семинары ұйымдастырылды.
   Семинар бағдарламасына сəйкес "ТАНЫСТЫРЫЛЫМ АЛАҢЫ" бөлімінде мектеп директорының кəсіптік бағдар беру ісі жөніндегі орынбасары М. Аманбаеваның "Алақандағы гүл" тренингін жоғарғы деңгейде өткізіп, ерекше көңіл күй сыйлады жəне əлеуметтік педагог Г. Сəрсенбекова "TED 194"(таратуға тұрарлық идеялар) көрмесімен таныстырды. Семинарды Мектеп директоры М.Шалысбаев ашып, оқу ісінің меңгерушісі М.Торғаев семинар бағдарламасымен таныстырды. Одан əрі мектеп тренері, жоғарғы санатты, бірінші деңгейлі қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Ш.Қансейтова мен мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Турегелдиев мектеп тарихынынан сыр шертетін "Мектеп тынысы" атты бейне баянды келген қонақтар назарына ұсынды. 

   "ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ" бөлімінде жаңартылған бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдер: бастауыш сынып мұғалімі, 3 сынып жетекшісі Б.Шынбаева Əдебиеттік оқу пəні бойынша "Күзгі уақыт" тақырыбында, математика пəні мұғалімі Ə.Құлтанбаева алгебра пəні бойынша 8 сыныпта "Квадрат теңдеулерді шешу" тақырыбында, ағылшын тілі пəні мұғалімі Р.Рысқұлова 5 сыныпта "Asking about yout famili" тақырыбында, орыс тілі пəні мұғалімі Ш.Айтенова "Солнцестояние и равноденствие" тақырыбында 6 сыныпта, география пəні мұғалімі А.Бейсенбаева 7 сыныпта "Атмосфера жəне оның құрамдас бөліктері" тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімі Р.Досмағанбетова жаратылыстану пəні бойынша 2 сыныпта "Денеге қалай күтім жасау керек?" тақырыптарында шеберлік сабақтарын өз дəрежесінде көрсетті. "Көкжиек" əдеби-шығармашылық клубы жəне оның жетекшісі Ш.Қансейтова мен қазақ тілі пəні мұғалімі Л.Дүйсенбаева "100 кітап", "Туған жер " бағдарламалар аясында "Інжу іздеген тереңге сүңгиді" атты мектеп түлегі, Қазақстан Жазушылар Одағы мүшесі Гүлзат Шойбекованың "Бұрым" атты шығармасы мектеп оқушылары мен келген қонақтар арасында кеңінен талқыланды. 

   Семинардың ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМІНДЕ Қызылорда облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Гүлшат Смағұлова " TIMSS зерттеуінің тапсырмалары негізінде оқушылардың жаратылыстану-математикалық сауаттылығын дамыту" тақырырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Сондай-ақ, семинарға аудандық бім бөлімінің əдістемелік кабинет меңгерушіс Аширова Нұргүл, əдіскерлер Юсупова Ақтұйғын мен Тəшкенова Базаркүл қатысты.

   Семинарды мектеп директоры М Шалысбаев жəне Қызылорда облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Гүлшат Смағұлова қорытындылады. Келген қонақтар мектеп ұжымына алғыс білдіріп, толағай табыс тіледі. Семинар оқушылардың өнер көрсетуімен аяқталды.
16 қараша 2018 ж. 1 455 0