№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ШИЕЛІДЕГІ ТАМПОНАЖДЫ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ ЖЕЛТОҚСАНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ШИЕЛІДЕГІ ТАМПОНАЖДЫ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ ЖЕЛТОҚСАНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ


Жылына 1 млн.тонна тампонажды цемент өнімін шығаратын зауыт ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында іске қосылады. Бұл туралы бүгін Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
Жоба 2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда және өндірістік қуаттарды тасымалдау бойынша 51 бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларының тізіміне енгізілген.
"Ағымдағы жылдың желтоқсан айында біз Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан тампонажды цемент зауытын мерзімінен бұрын іске қосамыз", - деді аймақ басшысы .
Қазіргі уақытта нысанның барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 
Айта кетейік, кәсіпорында 260-тан астам адам жұмыс істейтін болады. Жергілікті салық көлемі артады, сондай-ақ, өндірісті іске қосу арқылы цементке арналған қаптар, асфальтбетонға минералды шаң шығаратын шағын және орта кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, аудандық колледжді бітірген 48 жас маман Қытай зауыттарында қосымша білім алды. Қытайлық инвесторлар Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің базасында жергілікті жастар арасынан 80 маманды даярлықтан өткізуде.
Тампонажды цемент мұнай-газ және атом өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Әсіресе, апатты және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде таптырмас зат болып табылады. Бұдан басқа, шығарылатын өнім қатты аязға, суға және коррозияға қарсы төзімді, цементтің тағы бір маңызды сипаттамасы 10-12 сағатта кебеді.
05 қараша 2018 ж. 1 433 0