» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ВИЗАСЫЗ ҚАНША ЕЛДІ АРАЛАЙ АЛАДЫ?

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ВИЗАСЫЗ ҚАНША ЕЛДІ АРАЛАЙ АЛАДЫ?

STAN хабарлауы бойынша қазақстандықтар визасыз 76 елді аралай алады.

Жаңартылған Henley & Partners паспорты индексінде Қазақстан 69-орында тұр. Бірінші орында Жапония елі.
Үш ай бұрын Жапония мен Сингапур бірінші орында тұрды. Жапондар Мьянмаға визасыз кіре алатын болғандықтан, бірінші орынға шықты. Сингапур екінші орынға түсті. Бұған дейін көш бастап тұрған Германия үшінші орында. Оңтүстік Корея мен Франция да осындай көрсеткішке ие. Төртінші орында Дания, Италия, Испания, Финляндия, Швеция елі тұр.
Қазақстан үш айда үш сатыға, 69-орыннан 66-орынға түсті. Бұған тізімдегі өзге елдердің орны ауысқаны себеп. Қазақстан 76 елге визасыз бара алады. Намибия елінің паспортында да осындай көрсеткіш. Жыл басында Қазақстан 71 елге визасыз бара алды.
Ресей тізімде 47-орында, Әзірбайжан 75-орында. Өзбекстан 82 орында.

Бұрын Visa шектеулерінің индексі (2018 ж.ж. атауы өзгертілген) деп аталатын Henley & Partners төлқұжат индексі өз азаматтарын қамтамасыз ететін еркін жүріп-тұру бойынша елдердің халықаралық рейтингісі. Индекс 2006 жылдан бері Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) бірлесіп, әлемдегі ең ірі туристік ақпараттық базаны қолданады.
10 қазан 2018 ж. 1 130 0