» » ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ КІТАБЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ

ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ КІТАБЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ


Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Оралхан Бөкейдің «Кісі киік» атты кітабы ағылшын тілінде жарық көрді.
Жинақтың тұсаукесері жақын күндері Лондонда өтеді. 
Халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті, белгілі публицист Бигелді Ғабдуллиннің бастамасымен соңғы бірнеше жылда «Біз – қазақпыз...» атты жоба басталып, жоба аясында қазақ классиктерінің туындыларын АҚШ пен Ұлыбританияда ағылшын тілінде шығару жұмысы қолға алынған. «Осы уақытқа дейін Қазақ ПЕН клубы демеушілердің көмегімен ағылшын тіліне Мұқағали Мақатаевтың «Таңдамалы өлеңдері», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Олжас Сүлейменовтің «Код слова», Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», Герольд Бельгер мен Смағұл Елубайдың кітаптарын жоғарыда аталған елдерде басып шығарған.
Жуырда Алматыдағы «Идан» баспасы қазақтың біртуар қаламгері Оралхан Бөкейдің «Кісі киік» кітабын («The man-dear and other stories») ағылшын тіліне аударып басып шығарды. Туындыны белгілі ағылшын аудармашысы Саймон Холлингсворт аударды», - дейді Бигелді Ғабдуллин. Кітаптың Қазақстандағы тұсаукесері Астана қаласындағы Марриот қонақ үйінде 23 ақпан күні өтеді. ПЕН клуб алдағы уақытта қазақ қаламгерлерінің кітаптарын ағылшын тіліне аударуды жалғастырмақ.
Дереккөз: Massaget.kz сайты.
08 ақпан 2018 ж. 1 512 1

Colin от 11 маусым 2025 08:17
Thank you. Plenty of forum posts! casino en ligne France Amazing content, Thanks! meilleur casino en ligne Awesome write ups, Many thanks! casino en ligne With thanks! A lot of data. casino en ligne France You stated it very well. casino en ligne francais Terrific data. With thanks. casino en ligne Good material, Regards! casino en ligne francais Thanks. Loads of tips. casino en ligne Wow a good deal of fantastic material! casino en ligne France Wonderful write ups. With thanks! casino en ligne francais