АПЛ-да ЕҢ КӨП ЖАЛАҚЫ АЛАТЫН 10 ФУТБОЛШЫ
"Press Association Sport" интернет басылым ағылшын премьер-лигасында ең көп жалақы алатын 10 футболшының рейтингін жариялады. Бұл тізімде жақында ғана "Арсеналдан" "Манчестер Юнайтедке" ауысқан Алексис Санчес көш бастап тұр.
Басылым мәліметі бойынша "қызыл сойқандар" сапына ауысқан чилилік футболшы аптасына 500 мың фунт стерлинг жалақы алады.
"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында ең көп жалақы беретін команда екенін рейтингке қарап айқын аңғаруға болады.
1. Алексис Санчес ("Манчестер Юнайтед") – 500 мың фунт стерлинг
2. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед") – 290 мың
3. Ромелу Лукаку ("Манчестер Юнайтед") – 250 мың
4-7. Златан Ибрагимович ("Манчестер Юнайтед") – 220 мың
4-7. Серхио Агуэро ("Манчестер Сити") – 220 мың
4-7. Эден Азар ("Челси") – 220 мың
4-7. Сеск Фабрегас ("Челси") – 220 мың
8. Давид де Хеа ("Манчестер Юнайтед") – 200 мың
9. Виргил ван Дейк ("Ливерпуль") – 180 мың
10. Александр Ляказзет ("Арсенал") - 170 мың
prospot.kz
Пікір 2