№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордада «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары бірінші болып біріңғай киім үлгісіне көшті

Қызылордада «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары бірінші болып біріңғай киім үлгісіне көшті

   «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының II облыстық слетінде
клуб мүшелері жасыл түсті біріңғай киім үлгісінде өнер көрсетті.

   Қазіргі уақытта республика бойынша бірінші болып Қызылорда облысындағы «Адал Ұрпақ» клубтарының 16 000 – нан астам мүшелері арнайы әзірленген жасыл түсті біріңғай киім үлгісіне көшті.      
Облыстық слет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.  
Шараға білім саласының қызметкерлері мен ардагерлері, облыс аудандарынан «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарынан оқушы делегаттар қатысты.
   Слет барысында «Адал ұрпақ» клубына жаңадан қабылданған оқушылар ант қабылдап, олар еліміздің патриоты болуға әділдік пен адалдықты ұстануға ант етті.  
Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының мүшелігіне қабылданған оқушыларға арнайы төсбелгілер тағылып, куәліктер берілді.
Жиында сөз алған Агенттіктің облыстық Департаментінің басшысы
   А. Мұхимов «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы қатарына жаңадан қабылданған оқушыларды құттықтап, оқуда озат және еліміздің патриот азаматы болуға өз тілегін білдірді.  
   Іс-шара барысында оқушылардың қатысуымен флешмоб, суреттер көрмесі, сурет салу және бейнеролик конкурстары өтіп, жеңімпаздар алғыс грамоталармен және дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
01 қараша 2018 ж. 1 639 0