№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЕЛДІҢ МҮДДЕСІНЕ АДАЛ ЕҢБЕК ЕТУІ ТИІС

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЕЛДІҢ МҮДДЕСІНЕ АДАЛ ЕҢБЕК ЕТУІ ТИІС


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Тілектесұлы Бердалин бүгін Сырдария ауданында болып, аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Кездесу жиынын аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова ашып, жүргізіп отырды.

Жиынның маңыздылығына тоқталған Балшекер Сұлтанбекқызы мемлекеттік қызмет саласы бойынша елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен бірге, аудандағы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бағытындағы мемлекеттік саясаттың басымдылықтары жөнінде кеңінен баяндама жасады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші елдің мүддесіне адал еңбек ету керектігін айтты. Жиын барысында А.Тоқмағамбетов ауылдық округінің әкімі Ғ.Алданазаров, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Ерташов, Тереңөзек кенті әкімі аппаратының бас маманы Ж.Жансейітова, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы М.Жүсіпбековалар сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын айтты. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Тілектесұлына соны серпілістерге толы Сырдария ауданының тарихы туралы жазылған кітапты сыйға тартып, жұмысына жеміс тіледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
16 наурыз 2018 ж. 2 489 0