Алматының ең адал ұстаздары анықталды
Қазылар алқасында Қазақстанның білім беру саласының үздіктері мен жоғары оқу орындарының профессор, доценттері отырды. Әр тур 5 балдық жүйемен бағаланды.
Қазылар алқасының мүшесі Қарлығаш Шайжанованың айтуынша, сайыс болғандықтан әділ бағаланды, дегенмен барлық қатысушы “Адал ұстаз” екенін дәлелдеген.
Жарыс нәтижесі бойынша бас жүлдені №173 лицейдің мұғалімі Жанар Көпбаева иеленді. 1-орын №148 мектеп-гимназиясының мұғалімі Жеткіншек Меңдіғалиевке, 2-орын №53 мектеп гимназиясының мұғалімі Еркежан Мәкешева мен №60 мектеп-гимназиясының мұғалімі Надежда Фендриковаға, 3-орын №33 мектеп-гимназиясының мұғалімі Әйгерім Шаймерденоваға, №178 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ғалымжан Шынасыл, №198 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Береке Кеңесоваға бұйырды. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар берілді.